Басты » Редакция таңдауы » Терроризмді насихаттаған азамат бас бостандығынан айырылды

Терроризмді насихаттаған азамат бас бостандығынан айырылды

«Бардакош Бурятик». Осындай лақап атпен жеке парақша ашып, терроризмді насихаттаған 37 жасар Болат Каспалов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол, Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, өзінің жеке парақшасында діни өшпенділікті қоздыруға бағытталған материалдарды сақтаған. Сотталушы бұл әрекетін 2014 жылдан бастап, 2017 жыл аралығында жүзеге асырған. Оның осы әрекеті үшін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-ші және 256-ші баптары бойынша айып тағылып, абақтыға тоғытылды.

Светлана Шыналиева

Еңбекші аудандық сотының судьясы

ҚР ҚК 58 бабының 1 және 2 бөлігін басшылыққа ала отырып, жеңіл жазаны қатаң жазаға ауыстыра отырып, Болат Каспаловқа 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ол жазаны қауіпсіздігі орташа мекемеде өтесін.

Сот барысында, айыпталушының қорғаушысы мен прокурор процессуалдық келісімге келу үшін уақыт сұраған болатын. Нәтижесінде, күдікті өз кінәсін толық мойындап, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*