Басты » Медицина » Оңтүстікте аурухана, емхана және перзентхана жетіспейді

Оңтүстікте аурухана, емхана және перзентхана жетіспейді

Өңірдің денсаулық сақтау саласында 195 маман тапшылығы орын алып отыр. Күнгейге іс сапармен келген Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев облыстық клиникалық ауруханасында болып, осы сала бойынша қордаланған мәселелермен танысты. Үкімет басшысы емдеу мекемелерін цифрландыру жүйесіне көшіру мәселесін тездету қажеттігін жеткізді.

Примьер-министр Бақытжан Сағынтаев күнгейдің ақ халаттыларымен кездесіп, өңірдің денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен жеке қызметтер секторын дамыту мәселелерін талқылады. Айтуынша мамандар алдымен бұл салаға инвестициялар тарту жұмысына көңіл бөлу қажет. Оңтүстіктің бас дәрігері Мұқан Егізбаев атқа мінерлерге қазір мұнда емхана, перзентхананың жетіспеушілгі орын алып жатқанын жасырмай жайып салды. Бұл мәселені шешу үшін жер бөлінгенімен, құрылыспен айналысуға кәсіпкерлер қызығушылық танытпай отыр. Дегенмен мамандар инвестор тарту бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қолға алған.

Мұқан ЕГІЗБАЕВ

ОҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Қазіргі таңда осы ның барлығы шешіліп жатыр. Біз МЖӘ аясында тендерге беретін боламыз. Емхана салуға. Бірақ көп қызығушылық білдірмей жатыр. Оған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Неге? Процедурасына байланысты. Одан кейін пайдасын есептейді, әр емхана 2млрд көлемінде шығып жатыр. Қайтару мерзімі болса, 3-6 жылға дейін.

Дегенмен үкімет басшысы 3 миллионға жуық халқы бар оңтүстікке қызығушылық танытатын кәсіпкерлерді табуға болады деп отыр. Тек тиісті деңгейде жұмыс атқару қажет, дейді Сағынтаев. Алайда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл мәселенің шешу жолдары қазір қарастырылып жатқанын тілге тиек етті.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ

ОҚО әкімі

Мысалы қаржылық бойынша мектепті жеке азамат қ арсынынан асалуды қ ызығушылық тудырды. Ал енді бұның дәлелі балабақша 1756 олса, соның 1000 жеке болып о тыр. Тәжірибе бар ғой.

Сондай-ақ өңірде маман тапшылығы бойынша 195 дәрігер жетіспейді. Олардың қатарында педиатр, неанатолог, реаниматолог дәрігерлер бар. Сондай-ақ шалғайдағы бірнеше елдімекендер ғаламторға қосылмағандықтан, онда цифрландыру бағдарламасын іске асыру мүмкін емес болып отыр.

Бақытжан САҒЫНТАЕВ

ҚР Примьер – министрі

Алыстағы ауыл деп, біз жетеміз оған. Неге қалада жасалмай жатыр сол. Айтпайсызба миллиондаған халқы бар шымкентте істеп жатыр. Үйінен шықпай жазылып жатыр деп айтыңыз, содан соң қарайық әрі қарай.

Үкімет басшысы қазір республикада ауылдық жерлердегі емдеу мекемелерінің 39 пайызы интернетке қосылмағанынан хабардар екенін жеткізді. Тіпті олардың тізімі жасалып, Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тапсырылған. Жоспар бойынша бұл елді мекендер 2021 жылға дейін ғаламторға қосылатын болады. Бүгінде күнгейдегі мекемелердің ақпараттық жүйемен қамтылу деңгейі 78 пайызды құрайды. Алайда примьер министр осыған дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткіземіз деген уәде орындалмады деп басқарма басшысын сынға алды.

Бақытжан САҒЫНТАЕВ

ҚР Примьер — министрі

Орындау керек. Ол бастықтар келгенде алдында жақсы көріну үшін жасалған нәрсе емес. Жасалмайтынды айтпау керек. Өйткені халыққа жетеді ол. Істемесе көңілі қалады. Біздің істеп жатқан тірлігіміз дұрыспа бұрыспа пайдасы барма сіздерге жоқпа? Біздеде реформа көп. Соның пайдасы барма жоқпа? Дәрі дәрмек схемасы дұрыспа?

Үкімет басшысы денсаулық сақтау саласы бойынша нақты жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын, аталған мәселелердің барлығын ерекше бақылауда ұстап отырғанын айтады. Примьер министрдің сөзінше былтыр жеке секторға қойылатын шектеулер 1,7 есеге жойылған. Бұл денсаулық сақтау саласына салынатын жеке инвестицияларды екі есеге , яғни 44,2 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға жол ашады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*