Басты » Қоғам » Оңтүстікте болат өнімдерін шығаратын алғашқы зауыт салынуда

Оңтүстікте болат өнімдерін шығаратын алғашқы зауыт салынуда

Жұмыс сапарымен күнгейге келген Премьер -инистр «Оңтүстік» индустриалды аймақта орналасқан «Shymkent Тemir» ЖШС-нің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл кәсіпорынның құрылысы өткен жылы басталған. Ағымдағы жылдың сәуір айында іске қосылатын жобаға 5 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған. Жылына 250 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы кәсіпорын іске қосылғанда 600 азамат жұмыспен қамтылмақ. Ал пленка және көшет қондыруға арналған ыдыс шығаратын өндірістік цехының іске қосылғанына небәрі бір ай болған. Жобаның жалпы құны 150 млн. теңгені құраса, оның 23 млн. теңгесі несиеге алынған. Мұнда жылыжайға арналған жабдықтар шығарылады.

Үкімет басшысы Сарыағаш ауданында орналасқан «Жабай ата» шаруа қожалығына атбасын бұрды. Бұл қожалық жабық топырақ жағдайында заманауи технологияны пайдалана отырып сапалы қызанақ сортын күзгі-қысқы және ерте көктемгі уақытта өндіреді. Айта кетсек, Оңтүстік – агроөнеркәсіптің дамуы жағынан әлеуетті өңір. Ел аумағындағы жылыжайдың 80 пайызы осы аймақтың еншісінде. Сондай-ақ, бау-бақша өсіру ісі де қарқын алып келеді. Ел дамуына ерекше серпін беретін бұл салада диқандардың алдында еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есе арттыру міндеті тұр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*