Басты » Медицина » Жедел-жәрдем тез жету үшін, полиция да көмек көрсетеді

Жедел-жәрдем тез жету үшін, полиция да көмек көрсетеді

Елімізде жедел-жәрдем қызметінің жетіспеушілігі бойынша бірнеше бағыттағы жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде ірі шаһарларда темір тұлпар саны көп болғандықтан, тиісті бригада белгіленген жерге уқытылы жетуі қиын. Бұдан былай, шақырту түсе салысымен жедел жәрдем қызметі жол патрульдік полициясына хабар беретін болады. Ал полицейлер ол көлікке бағдаршаммен жасыл дәліз жасайды. Яғни жедел-жәрдем қызметінің көлігі бағдаршамның қызыл түсіне тұрып қалмайды, дейді Үкімет басшысы. Қазір атқамінерлер осы жобаның жүзеге асыру жолдарын қарастырып жатыр.

Бақытжан САҒЫНТАЕВ

ҚР Примьер -министрі

Осы салада жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы пациентке шақыртылған әр шақыртуға фами лия алғанда, шыққан бригада оның кім екенін қандай аурумен ауырғанын біліп отырады. Оған біз жетіп жатырмыз. Екінші мәселе қазір көшеде не көп, автокөлік көп, пробкаға тұрады. Бізге осындай жобаны сан францискоға барғанда көрсетті. Гаимен бірге. Ол тұрмайды, бағдаршамда. Оған ылғи үйге жеткенше, оған жасыл дәліз. Осы бойыншада программист мамандарға тапсырма беріп жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Бақытжан Сағынтаев жекеменшік клиникаларды көптеп ашу керектігін де тілге тиек етті. Қазірдің өзінде жеке клиника ашу үшін қойылған ондаған талаптардың қысқартылған. Сондай-ақ Примьер-министр денсаулық сақтау саласын цифрландыру екі бағытта жүзеге асатынын айтады. Оның біріншісі қазіргі қабылдауларды электронды жазбамен жүргізуді бастаса, екінші кезеңде бұрынғы қағаз күйіндегі мәліметтер цифрлы форматқа ауыстырылады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*