Басты » Мәдениет » «Astana Musical» театры Шымкентте өнер көрсетті

«Astana Musical» театры Шымкентте өнер көрсетті

Гострольдік сапармен келген шығармашылық ұжым үшінші мегаполис тұрғындарына „ Қыз жібек„ спектаклін этно-фольклор жанрында сахналады. Қазақстан және Орталық Азия бойынша алғашқы мюзикл театры екі жыл бұрын құрылған. Көрермендер Түркістан сарайында сахналанған туындыға жоғарғы бағасын беріп жатты.

Үшінші мегаполисте өткен қойылымның тұсаукесеріне 1971 жылы „Қыз Жібек” фильмі арқылы көпшіліктің көңілінен шыққан танымал актриса Меруерт Өтекешовада қатысты. 500 жылдық дастанымызға айналған Қыз Жібекте жұртымыздың дала тұрмысы, махаббат және салт-дәстүрлер көрсетілген. Оқиға желісі мюзикл жанрында ерекшеленеді.

Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін «Қыз Жібек» туындысы – қазақтың лиро-эпостық жырының жауһары. Трагедия кейіпкерлері – Жібек пен Төлеген әлемге әйгілі Ромео мен Джульетта сияқты қазақ халқы үшін махаббаттың символы іспеттес. Ел бірлігі мен тұтастығы идеясы қатар өріліп, халықтың ой-арманы мен аңсары танылатын қойылымда ұлттың дәстүрлері де, бата сөз, қарғыс, жоқтау, зар, көңіл айту, қоштасу жақсы көрініс тапқан. Қойылымда Бекежанның рөлін Расул Османов сомдап шықты.

Расул ОСМАНОВ

актер

Осы бекежанның рөлін алған кезде Асанәлі атамыз батасын берген.көбінесе осы рөл жайлы түсіндіріп, сол кісіден с ұхбат алған. Бұл рөл өте қиын өйткені оның рөлін сомдау үшін өзіңді қорғауың керек. Адвокат болуың керек. Оны халық түс іну керек.

Қос ғашықтың рөлін Инабат Ризабекова мен Оразалы Игілік орындады. Франция, Бельгия, Австрия және ресейден келген мюзикл сыншылары, туындыны жоғары бағалап, әртістердің дауыс ырғағы мен актерлік шеберлігі бір -біріне үйлескендей болғанын алға тартады. Спектакльде қос ақынның сөз тартысы, ой қақтығысымен қатар суырыпсалмалық қабілетін дәріптейтін қазақтың ұлттық өнері ақындар айтысы орын алған.

Гүлсара МУГАЛБАЕВА

көрермен

Бүгінгі спектакль қыз жібек пен т өлегеннің рөлі маған өте ұнады. Керемет өтіп жа тыр. Меруерт Өтекешова апамыздың өзі келіп, өзін көріп қуаныштымын. Бүгінгі спектакльге көңілім өте толып отыр.

«Astana Musical» театрының этно-фольклорлық қойылымы Түркістан сарайында сахналанып, спектакльде 60-қа тарта актер ойнады. Енді әртістер гастрольдік сапарын Атырау қаласында жалғастыруды көздеп отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*