Басты » Қоғам » Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығының тиімділігі артуда

Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығының тиімділігі артуда

Өңірде бір жарым ай бұрын ашылған мекемеде, тұрғындар 400-ден астам электрондық қызмет түрін ала алады. Сондай-ақ мұнда егов порталымен жұмыс істеуді үйренгісі келетіндер үшін ақысыз оқыту курстары да жүргізіледі.

Амантай Батырбеков Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығына мекен жай анықтамасын алу үшін келген. Айтуынша, қазір тұрғындар мұнда бұрынғыдай сағаттап кезек күтпейді. Толығымен комьютерлік құрылғымен жабдықталған залда ол өз бетінше тиісті құжатқа қол жеткізуге болатынын алға тартады. Тіпті мұндағы қызметкерлер ақысыз түрде оқыту курстарын да жүргізеді. Жаңа жоба азаматтарға уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, дейді ол.

Амантай БАТЫРБЕКОВ

қала тұрғыны

25- тиімділік байқалып тұр. Өйткені бұрын талон алып уақыт жұмсайтын едік. Қазір уақыт үнемделіп, құжат алу тез іске асуда. Өте жақсы жасалған. Жарты сағат уақыт бөлсе үйренуге болады.

Оңтүстікте Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ақпан айының 16-сы күні ашылған. Ең алдымен мұндай мекеме Астана және Алматы қалаларында шымылдығын түрген еді. Ал мұнда мемлекеттік мекеме қызметкерлері тұрғындарға арнайы оқыту сабақтарын да өткізіп тұрады. Бұл жұмыстар ақысыз түрде жүзеге асады.

Еркебұлан ӘЛСЕЙІТОВ

Халыққа қызмет көрсету орталығы„ ОҚОФ департаментінің директоры

Үйреніп жатқандар көп. Өйткені мемлекеттік қызметкерлер орталыққа келмесін деп, облыс әкімінің бастамасымен орын алған жұмыс жүріп жатыр. 2017 жылы 5 млн қызмет көрсетсек, 3,5 млны электрондық болып саналатын. Қазір сол қызметті орталыққа келмей үйлерінде алса дейміз. Орталықта білесіз 300 зал бар. Соның бір залды толық цифрлық орталық деп өзгерттік. Ол жерде үйреніп қалған талон жоқ. Кезек деген жоқ. Келген адам эцп арқылы қызметті ала алады.

Жобаның негізгі мақсаты да осы. Тұрғындарға электрондық қызметтерді үй жағдайында алуға үйрету. Сөйтіп Елбасының „Цифрлы Қазақстан„ бағдарламасында айтылған міндеттердің бір бағытын орындау. Алдағы уақытта ел бойынша жалпы 15 цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ биыл халықтың цифрлық сауаттылығын 77 пайызға дейін арттыру көзделген.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*