Басты » Редакция таңдауы » Оңтүстік өңірін „Тұран„ облысы деп өзгерту жобасы ұсынылды

Оңтүстік өңірін „Тұран„ облысы деп өзгерту жобасы ұсынылды

Алдағы уақытта филология ғылымдарының докторының ұсынысы ономастикалық комиссияда қаралмақшы. Бұл мәлімет „Атамекен атаулары„ облыстық конференциясы аясында белгілі болды. Бүгіннің өзінде күнгейде 1100 – ден астам көшенің атауы жоқ. Сондай-ақ өңірде идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекен мен бірқатар нысандарда бар. Енді олар ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаумен өзгертілмекші.

Соңғы ақпарға сәйкес, Оңтүстіктегі 930 елдімекенде 11 мың 263 көше бар. Бүгіннің өзінде оның 1100-ден астамы атауы жоқтардың қатарына кіреді. Бұдан басқа идеологиялық тұрғыдан ескірген „Чичерин„ „Дмитриев„ сынды 12 елді мекен, 109 көше мен 7 нысанның атауы өзгертуді талап етеді. Сондықтан ономастика комиссиясының мүшелері, ғалымдар, тілдерді дамыту бөлімінің мамандары үшінші мегаполисте өткен облыстық конференцияда бас қосты. Жиынға қатысушылар өзгертілетін атаулар ұлттық танымға тән жер су аттары мен дәстүрлі атаулар болуы қажет дейді. Алдағы уақытта конференция барысында ұсынылған атаулар жинақталып, кезекті ономастикалық комиссияда қаралатын болады.

Асылхан ТЕМІРХАН

ОҚО мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Тілдерді дамыту ономастика жаңа жылдан бастап біздің мәдениет басқармасына беріліп отыр. Біз оған қатысты нақты жоспар дайындап жұмыстарды қолға алып жатырмыз. Соның бірі осы „Атамекен атауы конференциясын ұйымдастырып отырмыз. Алдағы уақытта да жыл соңына дейін 4-5 осындай іс шара өткіземіз. Жалпы негізгі мақсаты халыққа түсіндіру. Әліде халық тарапынан қоғамдық ұйым тарапынан есім беру үзілген жоқ.

Басқармадағылар мұндай ұсыныстарға заңға зәйкес жауап қайтарады. Мамандардың сөзінше атауы жоқ көшелерге тұрғындар көбінесе өз туыстарының есімін беруді сұрап келеді. Алайда бұл заңға қайшы. Сондықтан жауаптылар алдымен халыққа ономастика заңдылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алған. Нәтижесінде биылғы жылдың алғашқы комиссия отырысында 58 көше атауы қаралып, оның тек біреуі ғана кері қайтарылыпты. Өйткені атқарылған жұмыс нәтижесінде ұсынылған атау заңға сәйкес болып шыққан.

Болатбек ТІЛЕУБЕРДИЕВ

филология ғылымдарының докторы

Ең жұмыстың көп жүргізілгені біздің облыста. Ономастикалық комиссия. Солтүстікте 30 пайызға ғана ауыстырылған. Ол жерде ұлттық сананың іргесі сөгілген жоқ. Повладар петропавлды өзгерте алмай жүрміз. Мырзаяның өзін зорға көшесін ескерткішін алған жақсы білесіздер. Сондықтан жер су атаулары біздің айнамыз осыны әспеттеуіміз керек.

Конференция аясында филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметов мырза Оңтүстік өңірін Тұран облысы деген атауға өзгертуді ұсынды.

Асылхан ТЕМІРХАН

ОҚО мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Мекемтас ағамыздың ұсынысы тұран деген тарихи атау. Қазақ жерін ежелде атаған. Сондықтан айтып жатыр. Олда бір ұсыныстың бірі. Олда келіп түсс, ономастикалық комиссияда қаралатын болады.

Тәуелсіздік алғалы еліміздегі жер-су аттарының 90 пайыздайы бұрынғы тарихи атауларын қайтарып алды. Сонымен бірге жаңадан түскен көшелердің 90 пайызы ел мүддесі үшін қан кешіп, тер төккен батырлар мен қоғам қайраткерлерінің есімін иеленді. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді. Дегенмен әлі де болса жаңа атау қоюды сұранып тұрған елдімекендер мен көшелер көп.

Мекемтас МЫРЗАХМЕТОВ

филология ғылымдарының докторы

Ономастика саясатпен тікелей кіндіктес қай уақытта болсада. Сондықтан бұған мемлекет мән беріп отырады. Біздің жерді 7 рет жау жаулап алып кеткен. Жеті қабат ономастикалық слойлар жатыр. Соның әрқайсысын ашатын заман келді қазіргі кезде.

Алдағы уақытта Астанада латын әліпбиіне көшуге байланысты кеңейтілген кеңес отырысы өтеді. Өңірдің басқарма басшылары да жиынға қатысып, бұл саладағы үкіметтік жұмыс жоспарымен танысады. Содан соң олар облыста атқарылатын жобаға кірісуді көздеп отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*