Басты » Редакция таңдауы » Қырағы тұрғындардың арқасында талай қылмыстың беті ашылуы мүмкін…

Қырағы тұрғындардың арқасында талай қылмыстың беті ашылуы мүмкін…

Шымкентте «Көршілер бақылауы» атты жаңа жоба жұмысын бастады. Енді қала жұртшылығы ауласында немесе үйінінің маңында қандай да бір тәртіпсіздікке, бұзақылыққа куә болса, онда бірден арнайы сенім телефонына хабарлама түсіруіне мүмкіндігі бар. Маңызды жобаны Абай полиция бөлімінің мамандары алғашқылардың бірі болып елге кеңінен таныстыру жұмысын жүргізуді қолға алған.

Ішкі істер департаментінің бастамасымен іске қосылған арнайы желі қызметі – «Көршілер бақылауы» деп аталады. Оған сәйкес енді тұрғындар қандай да бір тәртіпсіздікке, бұзақылыққа куә болса бірден 27-41-18 сенім нөміріне қоңырау шалуы тиіс. Ең бастысы – айтылған арыздар құпиялығын сақтайды. Үшінші мегаполис жұртшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылып жатқан жоба аясында қылмыстың алдын алуға тұрғындардың өздері де атсалысады.

Көпжасар ЕСҚАРАЕВ

Шымкент қалалық ІІД Абай полиция бөлімінің полиция майоры

Бізде мынау көрші бақылауы назарына Абай полиция бөлімі қызметкерлерімен қолға алынған. Қазіргі таңда осы халықтарға насихаттау түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Халықтың құндылық мүддесін қорғау біздің басты мақсатымыз. Және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қылмыскерлерді көрген жағдайда бізге сенім телефонымыз көрсетілген. Соған аты жөнін айту міндет емес. Бізге ескертсе қылмысты дер кезінде ізін суытпай ашуға үлес қосады.

102 қызметіне түрлі шағыммен күніне жүздеген қоңырау түседі. Сондықтан полиция қызметкерлері оны жеке дербес бөлімге жүктеуді жөн санаған. Сөйтіп «Көршілер бақылауы» жобасын қолға алды. Қазір Абай полиция бөлімінің сақшылары оны халыққа түсіндірумен айналысып жатыр. Акция барысында мамандар, халыққа жобаның тиімділігін түсіндіріп, сенім телефоны көрсетілген плакаттарды үй қабырғаларына жабыстырып шықты.

Нышан Темірбаев Шұғыла мөлтек ауданында 9 жылдан бері тұрады. Зейнеткер арнайы желінің іске қосылғанын орынды деп есептейді. Өйткені айтылған арыздар құпиялығын сақтаса, қылмысты ашуға ниеттенген азаматтар қатары көбейеді дейді ол.

Нышан ТЕМІРБАЕВ

Шұғыла мөлтек ауданының тұрғыны

Бұл акция өте тиімді деп ойлаймын. Себебі өзі қазақта сөз бар көптің көзі көреген деген. Көршілердің бір біріне қарауы тиімді, дұрыс. Себебі біз оларды аңдымай-ақ ары бері жүріп, күдікті азаматтар көзге түсуі мүмкін. Сол үшін қырағылық танытсақ бұл өте жақсы болады. Бұл акцияны ұйымдастырып отырған адамдарға рахмет.

Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жобаны таныстыру мақсатында осымен екінші рет акция ұйымдастырып отыр. Осыған дейін мұндай шара Самал мөлтек ауданында іске асқан болатын. Айта кетсек, мұндай жоба Шымкенттен бөлек, Алматы, Тараз және Солтүстік Қазақстан өңірінде де іске қосылған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*