Басты » Редакция таңдауы » Бәйдібек ауданында инфрақұрылым саласындағы мәселе толығымен шешілмеген

Бәйдібек ауданында инфрақұрылым саласындағы мәселе толығымен шешілмеген

Мұнда электр бағаналыры мен сымдарының тозығы жеткен бірқатар елдімекендер бар. Дегенмен есепті жылы аудандағы 3 елді мекен мен бір магистралды ауыз су құрылысы пайдалануға беріліпті. Аудан әкімі Бақытбек Танагөзов биыл тұрғындарды көгілдір отын және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бірнеше жобалық сметалық құжат әзірленіп жатқанын алға тартады. Шенеуніктің сөзінше өткен жылы ауданда жалпы 74 нысанның құрылысы жүргізілген.

Аудан басшысы алдымен атқарылған негізгі басымдықтарға тоқталды. Айтуынша өткен жылы Бәйдібек ауданында жалпы 2,1 млрд теңгегені құрайтын 12 нысанның құрылысы жүргізілген. Нәтижесінде 2 мектеп, 1 галерея және бір мәдениет үйі пайдалануға беріліпті. Сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанаман қамту үшін Шаян ауылынан бір пәтерлі 20 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бұл нысан биыл пайдалануға беріледі.

Бақытбек ТАНАГӨЗОВ

Бәйдібек ауданының әкімі

Біздің тарихымызда болмаған биылғы жылы Шаян елдімекенінде кәріз жүйесін тарту жұмысы жүргізілуде. 900 млн соған қаржы қаралған. Бүгінгі күнде конкурс өткізіліп жатыр. Сондықтан Шаян қала тұрғындары қолданып жатқан барлық мүмкіндікке қол жеткізеді. Газ да бар су да бар, кәріз жүйесі болады. Былайша айтқанда Шаянның шымкенттен айырмашылығы болмайды.

Дегенмен атқарылған жұмыстар Бәйдібек ауданында инфрақұрылым саласындағы мәселені түбегейлі шешпейді, дейді аудан әкімі. Мұнда әлі күнге дейін халықтың 16 пайызы таза ауыз сумен қамтылмаған. Сондай-ақ бірқатар елдімекендердің электр бағаналарымен сымдарының тозығы жеткен. Алайда олардың барлығын бірден ауыстыру мүмкін емес. Сондықтан бұл жұмыстар кезең – кезеңімен іске асады. Мәселен былтыр 7 елдімекендегі электр қуаты жетіспейтін көшелерді жарықпен қамтамасыз ету жұмысы жүргізіліпті. Бұдан басқа өткен жылы 8 елді мекенге табиғи газды тарту мақсатында құрылысы басталған жұмыстар биыл аяқталады.

Бақытбек ТАНАГӨЗОВ

Бәйдібек ауданының әкімі

Үлкен мәселенің бірі тек бюджет қаржысымен өмір сүрмей, инвесторларды тарту. Бұдан басқада саладан қаржы тартып аудан деңгейін көтеру. Бұл мәселе жөнінен ауданға инвесторлар есебінен 1 млрд 300 млн теңгеге үлкен бір спорт нысаны салынады.

Бұл нысанда жабық жүзу бассейні, жабық теннис корты мен үш спорттық алаң болады. Жоспарға сәйкес кешен биылдан қалдырылмай ел игілігіне берілмек. Бұдан басқа ауданда жеке кәсіпкер меценат демеушілігімен Борлысай ауылдық округінің елді мекендерінде жарықтандыру жұмысы жүргізілуде.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*