Басты » Редакция таңдауы » ШҰҒЫЛАЛЫҚТАР СУ АСТЫНДА ҚАЛДЫ

ШҰҒЫЛАЛЫҚТАР СУ АСТЫНДА ҚАЛДЫ

Тынбай жауған жаңбырдың әсерінен Абай ауданына қарасты Шұғыла шағын ауданын кесіп өтетін Қошқар ата өзені арнасынан асып, аталған аймақта төтенше жағдай тіркелді. 24 наурыз күні таңғы сағат 9-дар шамасында болған оқиға кезінде бірнеше үйдің қабырғасына айтарлықтай зақым келіп, адам өміріне қауіп төндірді.

     Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері апаттың алдын алу жұмыстарына кірісті. Құм толы қапшықтардан бөгет қойып, қолдан келген көмегін көрсетті. Бірақ, халықтың жоғын жоқтайтын шенді-шекпенділер төбе көрсетпеді. Кейін олардың бұдан да өзге маңызды шаруалары бар екенін білдік.

     Судан келген қауіптің беті қайтқанымен, оқиға орны әлі де қауіпті. Су шайып кеткен үйлердің қабырғалары жарылып, қирап қалуы да мүмкін. Бірақ, бұл жайыттан аудан әкімі бейхабар болып шықты. Шенеуніктен ресми сұхбат алу мүмкін болмағандықтан, амалсыз жасырын түсіруге тура келді.

     Қазіргі таңда табиғи апаттың келтірген шығынымен зардап шеккен үйлердің санын білу мүмкін емес болып отыр. Ал, табиғи апаттан қорқып қалған тұрғындар болса, бұл жағдай енді қайталанбаса дейді.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*