Басты » Редакция таңдауы » Шымкенттің егістік алқаптарына қызанақ күйесі қауіп төндіруде

Шымкенттің егістік алқаптарына қызанақ күйесі қауіп төндіруде

Жыл басынан бері мұндай зиянкес қаладағы 6 жылыжайдан анықталған. Аса жылдамдықпен тарайтын қызанақ күйесімен күресетін арнайы препарат бағасы қымбат дейді мамандар. Сондай-ақ олар шаруаларға тек тесерілген дәріні нұсқаулық бойынша қолдануға кеңес береді.

Кәсіпкер Мұхаммедәли Артуходжаев жылыжаймен 10 жылдан бері айналысып келеді. Айтуынша, ол осы уақыт ішінде қажетті тәжірибе жинақтап, өніміне қауіп төндіретін зиянкестерден құтылу жолдарымен толық танысып шыққан. Ал қызанақ күйесі 2016 жылдары жылыжайда пайда бола бастапты. Күресу жұмыстарын дер кезінде қолға алғандықтан өнімін жаппай жойып кеткен оқиғасы тіркелмеді дейді ол.

Мұхаммедәли АРТУХОДЖАЕВ

Бізде қазір препараттар бар. Оларды ұстайтын заттар бар. Біз мониторинг жасаймыз. Біз оларға короген дәрілермен өңдеу жұмысын жасап ұстап тұрамыз. 3-4 дәрі бар оларды әр 15 күнде шашып тұру қажет. Жүйелі жұмыс істейді.

Оңтүстік Америкада шыққан қызанақ күйесі 2006 жылы Испанияда байқалған. Содан бастап бүкіл Еуропаға тараған. Елімізде 2016 жылы бірнеше дерегі тіркеліпті. Бүгінде мамандар зиянкестің кездесуі жиілеп кетті деп дабыл қағуда. Қызанақ күйесі бұрыш, картоп, қызанақ секілді өзге де алқа тұқымдасына жататын өсімдіктерді зақымдайды. Мамандардың сөзінше сәуір айындағы ауаның жылылығы 9 градустан жоғарылаған кезде ұшып шыққан көбелектер шағылысқаннан кейін өсімдік жапырақтарының ішкі жағына 250-300 данаға дейін жұмыртқа салады. Тіпті олар өнімнің 100 пайызын жоюғада қауқарлы.

Серік ЖАНТАСОВ

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

Әр көбелек 300 жұмыртқа салады. Жапырақ астына. Содан жапырағын, сабағын жеп қызанақ, тәтті бұрыш картопқада зиянын келтіреді. Бұл жерде күресу тек химиялық және биологиялық емес, комплексті жүргізу керек.агротехникада өте маңызды.

Серік Жантасовтың сөзінше зиянкеспен күресуге арналған арнайы препараттардың бағасы шарықтап тұр. Сондықтан қалтасынан қағылғысы келмейтін кәсіпкерлер нұсқаулықсыз тексерілмеген дәрі – дәрмекті қолданады. Салдарынан препараттағы у өзге өнімнің ішінде қалып қояды.

Серік ЖАНТАСОВ

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

Мысалы короген деген препарат бар. Олардың бағалары жоғары. Сондықтан кейбір фермерлер тексерілмеген, пайдалануға келмеген препаратты қолданады. Ол уақытша ғана әсер беруі мүмкін. Оған зиянкес тез үйреніп алады. Сондықтан дәрі күші білінбейді. Көбісі білмегендіктен кез келген дәрәіің уақыты бар. 30 күнде бір шашатын. Бірақ олар апта сайын шашып, зияны көп болады. Өнімде у қалады. Оны сосын біз жейміз.

Қызанақ күйесін жою үшін карантиндік шаралар қолдану қажет, дейді мамандар. Ол үшін уланған өсімдіктердің сабағын, жапырағын жойып, өнімді қайта өңдеу қажет. Сондай-ақ қызанақ күйесімен зақымданған өсімдіктерді елімізде химиялық және биологиялық қолдануға рұқсат етілген препараттармен ғана өңдеу керек, дейді олар. Дегенмен нұсқаулықта көрсетілген дәрі-дәрмекті кәсіпкерлер өз қалтасынан шығындалып, сатып алуы тиіс. Мамандар қызанақ күйесі анықталған жылыжайларға арнайы нұсқаулық жібереді. Белгіленген мерзімде залалсыздандыру жұмысын жүргізбеген шаруалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Күлзира ҚОЖЫМБЕТОВА

Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы Шымкент қаласы бойынша 6 жылыжайда анықталды. Соның ішінде қызанақ күйесінің күрсу жұмыстары анықталған уақытта хабарлама келеді болжам орталығынан сигналдық хабарлама негізінде ол кісілерге нұсқама береміз. Ол жерде күресу жұмыстары, біз дәрі дәрмекті қолдануды ұсынамыз. Арнайы елімізде тіркелген дәрілерді ұсынып, көбінесе кароген денсис авант осы препараттардың өзіндік арнайы грамдық өлшемі бар. Сол бойынша жұмыс ұйымдастырамыз.

Есептерге жүгінсек, былтыр мамандар қаладағы 8 жылыжайдан аса қауіпті саналатын қызанақ күйесін анықталған. Ал жыл басынан бері мұндай зиянкес түрі 4,7 гектар жерді қамтитын жылыжайды кезіпті. Сондықтан жауаптылар оның жаппай таралуының алдын алу мақсатында күресу шараларын ұйымдастыруды қолға алған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*