Басты » Редакция таңдауы » Жастар грант аз бөлінетін, ақысы қымбат мамандықтарға қызығады

Жастар грант аз бөлінетін, ақысы қымбат мамандықтарға қызығады

Сөйтіп, қолына дипломын алғаннан кейін жұмыс таппай әлек болады. Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрі мәлімдеді. Дархан Кәлетаевтың сөзінше, елімізде техникалық мамандығы бар қызметкерлер тапшы екен.

Бұл жиында жастар министрмен еркін сөйлесуге мүмкіндік алды. Ашық әңгіме барысында жоғарғы оқу орнын бітіргендер жұмыстың жоқтығы мен баспана мәселесін көтерді. Бүгінде екі қолға бір күрек табудың қиын екенінен Дархан Аманұлы да хабардар. Министр жастардың жағдайын жасау үшін оларға саяси емес әлеуметтік тұрғыдан қарау керек дейді. Сондай-ақ, мектеп бітірген түлектерге техникалық мамандықтарды насихаттау қажет екен.

Дархан КАЛЕТАЕВ

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі

Бүгінгі күні жастар медицина, құқықтану, заңгер мамандығын таңдайды. Неге екенін білмеймін, зерттеудің қорытындысы осы. Ал, техникалық мамандықтарда керісінше мамандар жетпей жатыр.

Жиынға білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты. Бірқатар салаларда кадр тапшылығы болып жатқанын олар да растады. Атап айтар болсақ, қазірдің өзінде техникалық мамандарды қажет ететін 28 мың орын бос тұр. Сонымен қатар сандық технологияның қарыштап дамуына байланысты, таяу арада елімізде бірқатар жаңа мамандықтар ашылады.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ

ҚР Білім және ғылым вице-министрі

Біз кез-келген мамандықты IT- мен ұйымдастыруымыз керек. Осы мақсатта біз жаңа мамандықтарды ашпақпыз. Мәселен бұрын жай медик болса енді IT медик болады.

Бұдан бөлек жиында жатақхана жайы да сөз болды. Астанадан арнайы келген лауазымды қонақтар бұл мәселені шешуге ел президенті тапсырма бергенін айтты.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*