Басты » Редакция таңдауы » Сайрам ауданында жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегі жиі орын алады

Сайрам ауданында жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегі жиі орын алады

Сайрам ауданында заңсыз жер қойнауын пайдаланушылармен күрес күшейтілген. Аудан әкімі Бақтияр Мамаевтың сөзінше, бүгінгі күнге дейін рұқсатсыз өзен-көлдердің жағалауын қазған 8 жағдай анықталып, іс сотқа өткізіліпті. Сондай-ақ тиісті құжаты жоқ бірқатар азаматтар айыппұлмен жазаланған.

Жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегі Сайрам ауданында жиі орын алады. Әкімдік арнайы рейд ұйымдастырып, рұқсаты жоқ кәсіпкерлердің жолын кескенімен, жағдай оңалар емес. Тіпті, өткен жылы қиыршық тасты құжатсыз тасығандардың кесірінен ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын. Себебі, Ақсу өзенінің арнасы бұзылып сібір жарасынан өлген малдың қорымына таяп қалған еді. Аудан басшысы Бақтияр Мамаев ендігі жерде мұндай бассыздыққа жол бермеймін,- деп отыр.

Бақтияр МАМАЕВ

Сайрам ауданының әкімі

Жалпы, комиссия құрылған. Облыстанда келіп тексерді. Бізде 20 заңды тұлға бар жер қойнауын пайдаланатын. Соның 8 -і заңсыз екенін анықтап, сотқа жолдадық. Қазір олардың жұмысы толық тоқтатылды.

Сайрам ауданы облыс орталығына жақын орналасқанымен газдандыру жұмысы баяу атқарылуда. Мәселен, қазіргі уақытта табиғи газды сайрамдықтардың 45 пайызы ғана тұтынады екен. Дегенмен, Бақтияр Мамаев, бұл мәселе алдағы 4 жылда толық шешілетінін мәлімдеді.

Бақтияр МАМАЕВ

Сайрам ауданының әкімі

Оның барлығы қаржының аздығынан болған шығар. Бірақ, бүгінгі күні 12 елді мекенге газ тартуға қаржы бөлініп, құрылысы басталды. 2020 жылдың соңына қарай газдандыру 100 пайызға шешіледі.

Аудан әкімі дін мәселесіне де ерекше ден қойған. Себебі соңғы уақытта Сайрамда өзге ағымның жетегіндегі тұрғындарға қатысты келеңсіз жайттар жиі орын алып жатыр. Тіпті, жат ағымды насихаттағаны үшін Қарабұлақ ауылының имамы темір торға тоғытылған болатын.

Бақтияр МАМАЕВ

Сайрам ауданының әкімі

Ол жерде сондай имамның болғаны рас. Ол қазір бас бостандығынан айрылды. Қазір оның орнына сол орталықтың қызметкері міндетін атқарып отыр.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*