Облыстық клиникалық ауруханада Кореялық мамандар тұрғындарды тегін қабылдауда - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » Облыстық клиникалық ауруханада Кореялық мамандар тұрғындарды тегін қабылдауда

Облыстық клиникалық ауруханада Кореялық мамандар тұрғындарды тегін қабылдауда

Өткен жылы екі елдің клиникалары арасында арнайы мемарандум түзілген болатын. Содан бері Оңтүстік Кореялық дәрігерлер күнгейге осымен төртінші рет ат басын бұрып отыр. Шетілдік ақ халаттылар отандық дәрігерлерге арнайы дәріс оқып, тәжірибеменде алмасуда. Сондай-ақ күнгейлік хирургтар мен кореялық профессорлардың қатысуымен ауыр науқастарға ота жасалады деп күтілуде.

Оңтүстік кореялық мамандардан кеңес алуға келген тұрғынның бірі Мұрат Медетов. 25 жастағы жігіт әзірге урология саласының профессоры Ким дже хон мырзаның бөлмесіне кіру үшін өз кезегін күтіп тұр. Қарапайым халықтың шет ел асып, тексеруден өтуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан екі ел арасындағы медициналық жобаның қарашаға тигізер пайдасы көп дейді ол.

Мұрат МЕДЕТОВ

қала тұрғыны

Мен өз кезегімді күтудемін. Корей елінен келген уролог маманы. Оған кеңес алуға келдім. Өз денсаулығымды тексертіп, кеңес алғым келді. Біздің шетелге баруға қаражатымыз жоқ. Сондықтан өздері келіп тегін ұйымдастырғаныда неге келіп көрінбеске.

Шетелдік ақ халаттылар осымен төртінші рет үшінші мегаполиске ат басын бұрып отыр. Бұл жолы отандық дәрігерлермен тәжірибе алмасуға екі профессор келіпті.

Yong JIN KIM

Корей елінің профессоры

Менің Қазақстанға осымен екінші рет келуіым. Бірақ біздің клиникадан төртінші рет профессорлар тәжірибе алмасып, шеберлік сабағын өткізуге келіп отыр. Өткен жылы мен келгенде шеберлік дәрістер өткіздік. Және хурургтармен бірге оталарды да жасадық. Бұл жолы біз лекция оқып, науқастарды қабылдауға келіп отырмыз.

Еске салсақ өткен жылы екі ел клиникасының басшыларымен арнайы мемарандум түзілген болатын. Былтыр кореялық профессорлар отандық дәрігерлерге шеберлік сабақ өткізіп, науқастарды қабылдаған болатын. Нәтижесінде күнгейлік хирургтар бірқатар ауыр оталарды өздері жасап үйренген. Сондай-ақ екі жақты түзілген келісім шартқа сәйкес былтыр 6 дәрігер Сунчонхян клиникасында біліктілігін арттырып қайтқан.

Марат ПАШИМОВ

ОҚО ДСБ ШЖҚ „облыстық клиникалық ауруханасы„ МКК-ның бас дәрігері

2017 жылғы өткізген мастер класс бойынша оқу бойынша біздің хирургтар бориатрия операциялар 7-еуін өздері жасаған. Енді осы тәжірибе ретінде бұл осы бүгін леция оқып, сұраққа жауап беру. Пациенттерді көру. Егер ота жасау керек, болса біздің хирургтар жасай береді.

Биыл Оңтүстік Кореяға біліктілігін арттыруға 8 күнгейлік маман жіберілмекші. Дегенмен олардың қатарына тек дәрігерлер емес, бөлім меңгерушілері мен аға медбикелер де қосылмақ. Алайда ол үшін мамандар ағылшын тілін жетік меңгеруі тиіс. Бұл мақсатта қазір облыстық ауруханада аптасына үш рет ақысыз түрде ағылшын тілінен оқыту курстары өткізілуде.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*