Басты » Редакция таңдауы » «Бірге жарқыраймыз!» фестивалі аясында 80 мың түп ағаш отырғызылды

«Бірге жарқыраймыз!» фестивалі аясында 80 мың түп ағаш отырғызылды

Бұл жоба республика көлемінде Біріккен ұлттар ұйымы Даму бағдарламасының қолдауымен іске асуда. Басты мақсат экологиялық мәдениетті насихаттау арқылы Шымкентті жасыл қалаға айналдыру. Астана қаласында бастау алған акция аясында экологиялық эстафета үшінші мегаполиске жолданған болатын.

«Бірге жарқыраймыз!» фестиваліне қатысқан азаматтар қатары көп болды. Топқа бөлінген студенттер мен оқушылар таңертеңнен бастап Самал шатқалына жаппай ағаш отырғызуды бастады. 38 гектар аумақты алып жатқан саябаққа көбінесе алма және шие көшеттері егіліпті. Ауқымды акция ұйымдастырушылары енді еліміздегі колледжер, мектептер мен балабақшалар үшін экологиялық білім беру бағдарламаларын жүзеге асырмақшы. Бүгіннің өзінде мұндай іс-шара үшінеші мегаполистегі бірқатар білім ошақтарында ұйымдастырылған.

Ирина Горюнова

Қазақстандағы БҰҰ тұрақты өкілінің кеңесшісі

«Бүгінде біз экологиялық фестиваль ұйымдастырып отырмыз. Ол 30 наурыз күні астанада бастау алған. Бұл үлкен республикалық компания. Аталған акция БҰҰ-ның Даму бағдарламасының қолдауымен Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының ұйымдастыруымен іске асып отыр. Мұндай шаралар қазір әлем бойынша барлық елдерде қолға алынған. Іс шараға қолдау көрсеткен облыс және Шымкент қаласының әкімдігіне алғыс білдіремін»

Ауқымды акцияға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты өкілінің кеңесшісі Ирина Горюновада қатысты. Республикалық фестиваль барысында еріктілер «Самал» шатқалына еріктілер 80 мың түп ағаш отырғызды. Республикалық акция барысында «Самал» шатқалына еріктілер 80 мың түп ағаш отырғызды. Облыс әкімінің сөзінше өңірде Шатқал бағдарламасы былтырдан бастап қолға алынған. Алдағы уақытта өңірдегі шатқал санын арттыру жоспарда бар дейді, ол.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ

ОҚО әкімі

Қазір отырғызыдған 7 шатқал. Тағыда 7 шатқалды отырғыщу жоспарымызда. Оның үстіне бекет батыр көшесін қазір арбатқа айналдырып, бітірудеміз. Сондай-ақ микрарайонда канал бойын тазартып, қыдыру орнына айналдыру жоспарда бар.

Шара аясында жастарға «Энергиялық тиімді технологиялар әлеміндегі ойындар» квесті ұйымдастырылды. Ауқымды акция қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен кең ауқымды флешмобпен аяқталды.

Шымкенттік еріктілер «Бірге жарқыраймыз!» фестивалінің эстафетасын Ақтөбе қаласына жолдады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*