Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте оқушылар қолынан шыққан роботтар көрмеге қойылды

Шымкентте оқушылар қолынан шыққан роботтар көрмеге қойылды

Цифрлық Қазақтан„ тақырыбындағы жоба химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұрындық болуымен іске асқан. Ел назарына ұсынылған ғылыми туындылардың басым бөлігі адам өмірін жеңілдетіп қана қоймай, қауіпсіз етуіне бағытталған.

Өткен жылдың қараша айында облыстық әкімдік пен химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебінің арасында арнайы мемарандум түзілген болатын. Екі жақты келісім шарт аясында іске асатын жобалардың бірі — дәл осы „Цифрлық қазақстан„ тақырыбындағы көрме болып отыр. Мұндағы ғылыми туындылар түрлі республикалық байқауларда топ жарған. Ғылыми шығармашылық идея жәрмеңкесін тамашалауға 500-ден астам шымкенттік оқушылар келіпті. Олар Назарбаев мектебінің тәлімгерлерінің қолынан шыққан ерекше роботтар мен ғылыми жобалардың макеттерін қызығушылықпен тамашалады.

Балқан ҚАСЫМОВ

химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры

Бұл жерде осы екі зияткерлік мектебінің робототехника саласындағы тағыда басқада ғңылыми жобалардағы зерттеулер көрсетілген. Бүгінгі шараға жалпы білім беретін білім ордалары шақыртылған. Бұл жұмыстар өзге мектептерде де бар. Бірақ кез келген іс шараға қатысып өзіңе пайдалы нәрсе тауып алуға болады.

Көрмеге ғылыми тың жобасын қойған оқушының бірі Әсем Мықтыбай. Мына ілініп тұрған көртеше бір қарағанда қарапайым болып көрінеді. Алайда оның қыста жылулық беріп жазда салқындататын қасиеті бар. Бұл процесс электр түрлендіргіш арқылы іске асады. Жас өнертапқыштың сөзінше, жаз мезгілінде тұтынушылар батерялардағы полюстерді ауыстырса, салқындату процесіне қол жеткізеді. 9 сынып оқушысының ғылыми жобасы Астана қаласында өткен байқауда бас жүлдеге ие болған. Тіпті Әсем жоғарғы оқу орнының бірінен 100 пайыздық грантқа да қол жеткізіп отыр. Тәлімгердің ендігі мақсаты бұл туындысын жетілдіріп, оны қолданысқа енгізу болып отыр.

Әсем МЫҚТЫБАЙ

Бұл көртешені біз бәсеңдеткіш модулі арқылы қосамыз. Және бұл жерде біз температураны реттеп отыруымызғңа болады. Ол бірнеше перт элементтерге қосылған. Сонымен қатар ол батарейкадан қуат алады. Оның қуаты таусылатын болса, біз телефон қуттандырғышын пайдалануымызға болады.

Көрмеде робототехника, сәулет және құрылыс, экология саласындағы 100 ден астам жобалар ел назарына ұсынылды. Сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектебінің тәлімгерлері жасаған гаджеттер мен компьютерлік бағдарламарды да кезіктіруге болады. Енді білім ордасының басшылары мұндай көрмені жиі ұйымдастырып тұруды қолға алмақшы.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*