Басты » Редакция таңдауы » ҚЫТЫМЫР ҚЫС ҚАЙТА ОРАЛДЫ

ҚЫТЫМЫР ҚЫС ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Қытымыр қыстың суығы қайта оралды. Наурыз айының соңғы күндері жауған қар, қала тұрғындарын әбігерге салды. Жол қозғалысы қиындап, көктайғақ орын алды. Салдарынан жүргізушілер, көліктерін басқара алмай, кептеліс туындады.

     Ұзын сонар кептеліс, көлік қозғалысының қиындауы Т.Рысқұлов, Д.Қонаев және Б.Момышұлы көшелерінің бойында орын алды. Көк тайғақтың салдарынан, жүргізушілер темір тұлпарларының тізгініне ие бола алмай, жол бойында қалып қойды. Жол ережесі бұзылып, оқыс оқиға туындауға да шақ қалды. Ал, кейбір адамдар осы арқылы қалтасын қалыңдатты. Яғни, жүргізушілерге көмек көрсету арқылы. Сәуір болмай тәуір болмас. Синоптиктердің айтуынша, күн райы тек сәуір айынан бастап ғана жылына бастайды.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*