Басты » 13 Аймақ » Балаларының көзінше келіншегін бауыздап өлтірді

Балаларының көзінше келіншегін бауыздап өлтірді

Өз әйелін балаларының көзінше бауыздап өлтірген ер азамат жазаға тартылды. 34 жастағы Ербол Мақұлбеков жауыздықпен кісі өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот шешімі Облыстық қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды.

1983 жылы туылған Ербол Мақұлбеков жұбайымен заңды некесін бұзған. Соған қарамастан тыныштық бермей, нәзік жандыға қоқан лоққы көрсетіп келген. Кей кездері ұрып – соғып, қорқытып, мазасын алған. Тіпті ашуға булығып әйелін көшеде екі баласының көзінше пышақтап өлтірген.

Тергеу барысында анасының жан тапсырған сәтін алты жасар қызы баяндап берген. Тіпті, анасын қалай пышақтап өлтіргенін бүге-шүгесіне дейін айтып берген. Осыны ескерген судья, оны 15 жылға қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеуге үкім шығарды.

Қанды оқиға 2017 жылы 31 желтоқсан күні Түркістан қаласында орын алған. Сотталушы әйелін кері қайтармақшы болып, кездесуге шақырған. Нәзік жанды оның ұсынысын қабылдамай, қайта оралмайтынын жеткізген. Бұған төзе аламаған Ербол Мақұлбеков 6 және 10 жасар баларының көзінше аналарын басынан таспен ұрып құлатып, артынша асхана пышағымен бауыздап өлтірген.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*