Басты » Редакция таңдауы » Созақ даласынан табылған таңбалы тастар әлікүнге зерттелмеген

Созақ даласынан табылған таңбалы тастар әлікүнге зерттелмеген

Бір қызығы тастағы таңбаның сырын ашуға Оңтүстік емес, Қызылорда облысының ғалымдары қызығушылық танытып жатыр екен. Бұдан бөлек, күнгейдегі кейбір тарихи орындарда туристер үшін жағдай жасалмаған. Тиісті қаражаттың қаралғанын айтқан мамандар бұл мәселелердің шешілетін күні алыс емес,-дейді.

Нұр Отан„ партиясы жанынан құрылған „Мирас„ қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында, тарихи жерлерді күтіп баптау мәселесі көтерілді. Тиісті сала мамандарының мәліметіне сүйенсек, облыста орта ғасырлық және Қазақ хандығының астаналарының саны 5-у екен. Ал, саяси тарихи оқиғалармен байланысты қасиетті жерлер 2, ғибатад орындары саналатын діни нысандар 14. Бүгінгі күні билік басындағылар аталған обьектілерді абаттандыру жұмыстарына қазынадан қыруар қаржы бөліпті.

Жандос ҚҰРБАН

Тарихи мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық„ директорының міндетін атқарушы

Аудандық бюджет есебінен 142 млн теңге бөлінсе, облыс бюджетінен 355 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыға тарихи орындарды абаттандыру, инфроқұрылым тартылатын болады.

Қазіргі күні облыстық мәдениет басқармасы тарихи ескерткіштерді күтіп баптаудан бөлек, өзгеде нысандарды зерттеуге кіріскен. Мәселен, биыл арнайы құрылған топ таңбалы тастардың сырын ашпақ. Сонымен қатар, қазба жұмыстарынан шет қалған Сайрам, Созақ қалалары да, алдағы уақытта тыңғылықты зерттелмек. Археологиялық жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілсе, Оңтүстікке табан тірейтін туристердің қатары артады,-дейді мамандар.

Эльвира МОМЫНОВА

ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы

Білім басқармасымен келісім шарт жасадық. Тарихир орындардың тізімін бердік. Сол жерлерге мектеп, коледж ұжымдары барады.

Сонымен қатар, қазақтың тарихын әлемге танытуға ниетті қызметкерлерлер, түрлі кинотуындыларды түсіруді қолға алған. Әсіресе, анимациялық фильмдерге ерекше көңіл бөлінуде екен. Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*