Басты » Редакция таңдауы » Дәстүрлі облыстық «Театр көктемі — 2018» фестивалі басталды

Дәстүрлі облыстық «Театр көктемі — 2018» фестивалі басталды

Мәдени шара үш күнге созылады. Фестиваль аясында Оңтүстіктегі 8 театр ұжымы ел назарына классикалық қойылымды сахналайды.

Бұл жолы фестивалдің ашылу салтанаты Жұмат Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында ұйымдастырылды. Дәстүрлі театр көктемі шарасы өңірдің театр саласының өрлеуіне еңбек сіңірген режиссер Халел Шаженовтің 110 жылдығына және еліміздің халық әртісі Райымбек Мейтметовтың 80 жылдығына арналған. Фестивальге облыстағы 8 театрдың ұжымы толық қатысады.

Асылхан ТЕМІРХАНОҚО

Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы

Облыстағы 8 кәсіби театр халқымыздың рухани байлығын дамытуға өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар республикалық халықаралық театр фестивалінде өздерінің кәсіби шығармашылық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындардан көрініп келеді.

Мәдени шара аясында фестивальге қатысатын 8 театрдың шығармашылық ұжымы классикалық қойылым көрсетеді. Жұмат Шанин атындағы облыстық академиялық драма театры додаға Мұхтар Әуезовтың „Қарагөз„ трагедиясын сахналамақ. 84 жылдық тарихы бар мәдениет ошағы биыл бұл қойылымды ерекше жанрда орындайды. Тіпті көрерменге әсер қалдыру мақсатында мамандар арнайы астанадан режиссер шақыртқан.

Назарбек Үсіпахметов

Жұмат Шанин атындағы Облыстық академиялық қазақ драма театры директорының міндетін атқарушы

Негізі осы күнге дейін сырттан келіп қойған кісілер болған. Бізге осы екінші шақыртылып отырған ағамыз. Жалпы осы кісінің еңбегін сырттан көрдік. Содан соң осы кісіні театр труппасы әрі көркемдік кеңеспен аөқылдасып шақыртуға кеңес алдық. Оның келісуі де біз үшін үлкен қуаныш болды.

Астанадан шақыртылған режиссер шығармашылық топты „Қаракөз„ трагедиясын көрсетуге небәрі бір айдың ішінде дайындаған. Декорация жұмысына да қомақты қаржы жұмсалыпты. Жалпы жоғары деңгейдегі спектаклді қою үшін бюджеттен 2,5 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Мәдениет басқармасы алдағы уақытта театр фестивалін дәстүрлі түрде өткізуді жалғастыратын болады.


Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*