Басты » Редакция таңдауы » Құлпынайдың бір келісі 1000-1200 теңгеден саудаланып жатыр

Құлпынайдың бір келісі 1000-1200 теңгеден саудаланып жатыр

Шымкенттің сауда нүктелерінде құлпынай жемісі саудалана бастады. Нарыққа жеткізілген өнім Қырғызстан, Ташкент және Сарыағаш ауданындағы жылыжайда өсірілген, дейді сатушылар. Алайда тұрғындар бағасы самсап тұрған құлпынайды сатып алуға асығар емес. Айтуларынша бір айдан соң, нарыққа Сайрам, Манкент өңірі шаруаларының өнімі шығады. Нәтижесінде жеміс- жидек құны екі есеге арзандайды.

Табиғи дәруменге бай өнімдер әзірге тұрғындарға қолжетімсіз болып отыр. Мәселен сауда сөресіне қойылған құлпынайдың бір келісі 1000-1200 теңгеден саудаланып жатыр. Сатушылардың айтуынша бұл уақытша бекітілген баға. Алдағы уақытта жергілікті шаруалардың өнімі нарыққа шықса, құлпынай құны бірден екі есеге төмендейді. Лола Махамедова сатушы «Мен Өзбекстан, Қырғызстаннан және өзіміздің жергілікті жеміс жидектер мен көкөністерді сатамын. Мұндағы қияр мен қызанақ жергілікті жылыжайдан әкелінген. Ал алмалар Бишкек пен Ташкенттікі. Ал құлпынайға келсек, ол Сарыағаштағы жылыжайда өсірілген. Егер біздің жергілікті өнімдер саудаға шықса, құлпынай бағасы 400-350 теңгеге дейін түседі.

Сауда сөрелеріндегі жеміс — жидектің басым бөлігі шет елден жеткізіледі. Мұнда Эквадорлық банан, Италиялық киви және қытайлық ананас пен чери қызанағын да кезіктіруге болады. Сатушылардың сөзіне сенсек, барлық өнім санитарлық сертефикаттан өткен. Тіпті олар жемістерді базардағы зертханадан тексеруден өткізіп, нитраттың жоқтығы туралы анықтамаға қол жеткізген. Перизат Заманхан зертхана меңгерушісі Қазіргі таңда халыққа ешқандай қауіпті көкөніс келіп жатқан жағдай жоқ. Бәрі бір қалыпты. Бір деңгейде жүріп жатыр. Бііз сорттап алған анализ жақсы нәтиже беруде. Нитрат өз нормасында. Сол себепті оны жеуге 100 пайыз қанағаттанарлық жағдайы бар.

Қазір қырғы базар сөресіне ақ саңырауқұлақтар қойылған. Олар Бәйдібек және Қазығұрт ауданынан жеткізіледі. Оның бір келесі 900 теңгеден бастап бағалануда.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*