Басты » Редакция таңдауы » «Ордабасы» жанкүйерлері төрешілер шешіміне қарсы шықты

«Ордабасы» жанкүйерлері төрешілер шешіміне қарсы шықты

22 сәуір күні өз алаңдарында Астана командасын қабылдаған жерлестеріміз тағы да жеңілді. Есеп ашуға қанша ұмтылғанымен бұл жолы Орадбасылықтарға жеңіс еш мойын бұрмады. Фанаттар, себебін төрешілерден көруде. Қақпаны жанап өткен, бұйырмаған голдар мен бұйыртпаған жандарға жасалған қарсы әрекеттерді алдағы бейнематериалдан көре аласыздар.

Футболдан Қазақстан примьер лигасының 6 кезеңінде Ордабасы Астаналықтарға есе жібермеуді көздегендей. Себебі бұған дейін Ақжайықпен өткен сырт алаңдағы ойында 4:1 есебімен ойсырай жеңілген еді. Барларын салып, қанша шабуыл жасағынамен доп қақпаны жанап кетіп жатты. Есесіне Астана тарапынан күтпеген голдар қатарынан салынды. Елордалық команданың намысын қорғаған Щеткин 10 минутта қос гол салып, есепті еселей түсті.

жанкүйер

«Ойын жақсы өтіп жатыр. Біздің енді Ордабасының бір кемшілігі менің ойымша тек екі нападающий да. Басқа мына жаққа гол ұрмау керек. Олай болмайды. Бірінші удобный маментті пайдалану керек. Кім көрінген защитник болса, сонда ана жаққа ұру керек. Бізде сол етіспей жатыр».

жанкүйер

«Бұл жарысты көзбен көріп, қуанышты болып отырмыз. Ордабасы командасының аяқ алысы жаман емес. Әрине, көңілге кішкене кірбің ұялататын ойында кішкене сылбырлық бар. Қақпашы кішкене жан-жақты болса, ойыншылардың жалпы, шабуылшылардың шабуылы жаман емес».

Облысымыздың бас футбол командасына жанкүйерлері соңына дейін сенетіндігін жеткізді. Ал, сенімді Еркебұлан Тұңғышбаев ақтады. Ордабасы қоржынына ұпай сыйлаған ойыншының сәтті голына жиналған 14 мың көрермен өре түрегеліп қуанды. Қайта-қайта қақапаны жанаған шабуылдардан шаршаған фанаттардың енді үміт оты оянғандай еді. Бірақ, төрешілер шешімі өзгеше болды.

Судьялар шешіміне қарсы болған жанкүйрелер осылайша жасыл алаңға бос құтыларды лақтырып жатты. Әйткенімен жиналған қауымның наразылығын төрешілер нәтижесіз қалдырды. Соңында 90 минутқа жалғасқан доп додасы Астана жеңісімен аяқталды. Ал, 1:2 есебімен ойынды қорытындылаған Ордабасыны футболсүйер қауым қошеметпен шығарып салды.

Георги Дерменжиев

«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері

«Осы футбол клубтың бас бапкері ретінде мен ойнай алатын команда жасақтауым керек. Шәкірттеріміз жарақат алды екен деп ешкімнің алдында ақтала алмаймын. Екі ойыншыны ауыстырдым. Себебі өздеріңіз көргендей Дауытов жарыс барысының кез келген сәтінде сүрінуі мүмкін еді. Сондықтан да шебер ойын үшін мүмкіндіктің барлығын пайдаландық»

Турнир кестесінде 4-орынға табан тіреген Ордабасының қоржынында бүгінгі таңда 12 ұпай бар. Қазақстан біріншілігінің 6 кезең қорытындысы бойынша жерлестеріміз 4 рет жеңіске жетіп, 2 рет есе жіберген екен. Енді Шымкенттіктер Қызылорданың Қайсарымен өзара мықтыны анықтайтын болады. 28-сәуірде жалауын көтеретін жарыс сырт алаңда бастау алмақ.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*