Басты » Қоғам » Халық: «Шымкент газ монтаж» мекемесі бюджет ақшасын ауаға шашып, жолымызды тас талқан етті

Халық: «Шымкент газ монтаж» мекемесі бюджет ақшасын ауаға шашып, жолымызды тас талқан етті

Леңгер қаласының жолдары адам шошырлық жағдайда. Әсіресе, орталық көшенің асфальті шұрқ тесік. Жарамсыз жолдардың жақын арада жөнделе қоюы екіталай. Өйткені, су құбырын жүргізген мердігердің үстінен іс қозғалған. Жергілікті атқамінерлер соттың шешімі шықпайынша, қолымыздан ештеңе келмейді,-деп отыр. Жалпы, Леңгер қаласын ауыз сумен қамту 2010 жылы қолға алынған еді. Қазынадан қыруар қаржы бөлініп, құбыр тартылғанымен тұрғындар таза суға қол жеткізе алмады.

Биліктегілер аудан орталығындағы жолдар мүлдем жөнделмейді деуден аулақ. Тозығы жеткен асфальт түгелдей жаңартылмаса да, жарым-жартылай жөнге келтіріледі. Тек орталық көшенің мәселесі ашық қалып отыр. Әкімдіктегілер су құбырын жүргізген мердігерге қатысты сот ісі бітпейінше, жөндеу жұмыстарына кірісе алмайтынын айтты.

Жол жөнделер деп ойлағанбыз. Бірақ, екі жыл болды мәселе шешімін таппай жатыр. Абаттандыру жұмыстары жүргізілді бірақ көшелер тағы қалып кетті. Жүргізушілерге қиын. Жолаушыларға да ыңғайсыз.

Жергілікті халық «Шымкент газ монтаж» мекемесі бюджет ақшасын ауаға шашып, жолымызды тас талқан етті,-деп ашынады. Мұны Төлеби ауданы әкімдігі де жоққа шығармайды.

Ғалымжан ТӨЛЕПОВ

Төлеби ауданы әкімінің орынбасары

Қазір қылмыстық іс жүріп жатыр. Іс біткеннен кейін белгілі болады күрделі жөндеу жұмыстары қашан жүргізілетіні. Әзірге, ағымдағы жөндеуге ақша бөлеміз.

Леңгер халқының тақтайдай тегіс жолмен қашан жүретіні белгісіз. Себебі сот ісінің жүріп жатқанына жылдан асқан. Әрі қашан нүкте қойылары белгісіз. Сондықтан, жұрттың ағымдағы жөндеуді қанағат тұта тұруына тура келеді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*