Басты » Редакция таңдауы » Рұқсатсыз жарықты сөндіріп тастағандар елдің ашуына тиді

Рұқсатсыз жарықты сөндіріп тастағандар елдің ашуына тиді

Оңтүстік жарықтың„ қызметкерлері, көпқабатты үйдің тұрғындарын хабардар етпестен, электр желісін ажыратып тастаған. Себебін сұрағандарға, есептегіш құралды ауыстырамыз деп,-қысқа қайырыпты.

Ахмет Байтұрсынов көшесіндегі №89 үйдің жарығы таңғы сағат 8 шамасында сөніп қалған. Тиісті орынға хабарласқан тұрғындарға жауапты мекеме өкілдері, есептегіш құралдың ауысатынын айтыпты. Сондай-ақ, аталған үйде жөндеу жұмыстары болатынын бір ай бұрын хабарладық,- депті. Ал, халық бұл хабарды естімеген болып шықты. Өйткені, ешкім ешқандай жиналыс өткізбепті. Қолдарында заңды құжаттары да жоқ екен.

Мадина ЕСІМХАНОВА

89 үйдің тұрғыны

Бүгін келіп, ешқандай рұқсатсыз светті өшіріп тастады. Есептегіш құралды рұқсат сұрамай ауыстырып жатыр. Сонда біз кімбіз?

Ескі есептегіш құралды жаңасына ауыстыруға кіріскен қызметкерлер, елдің наразылығын елемепті. Мән-жайды түсіндірудің орнына дөреклік танытып, тіпті балағаттап тастаған көрінеді.

Будешь вьякать я тебя покажу дейді. Міне тұр ғой. Еще рұқсатсыз келіп светті өшіріп тастады.

Шудың шығуына себепкер „Оңтүстік жарық„ мекемесінің қызметкерлері айтылған сөздерді теріске шығарып бақты. №89 үйдің тұрғындарын бір ай бұрын хабардар еттік-дейді ақталып. Сондай-ақ, есептегіш құрал заманауи үлгіге ауыстырылады. Ал, бұл жұмыстар үшін халық бір тиында төлемейді. Барлық шығынды жауапты мекеме өтейді екен.

Еділжан САРИЕВ

Оңтүстік Жарық Транзит„ ЖШС Абай ауданы бойынша инженері

Счетчиктен бастап барлығы ауыстырылады. Біздің қызметкерлер соңғы показаниені жазып алып, жаңа счетчик қояды. Мұның барлығы тегін жүргізіледі.

Оңтүстік Жарық Транзит„ бұған дейін заманауи қондырғыларды бірнеше көпқабатты тұрғын үйге орнатқан. Жаңа есептегіш құралдың жұмысына ешкім шағымданғанбапты. Осыны негізге алған жауаптылар елдің қарсылығына қарамастан жөндеу жұмыстарын жалғастыра бермек.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*