Басты » Редакция таңдауы » «Изуми» сауда үйі үшінші мегаполис тұрғындарына ерекше сыйлық дайындады

«Изуми» сауда үйі үшінші мегаполис тұрғындарына ерекше сыйлық дайындады

Енді аты әлемге әйгелі Энрико Маринелли және Джовани Джантилли брендтіндегі тауарларды Шымкент қаласынан да табуға болады. Изуми сауда орталығы шаһар тұрғындары мен жоғары сапалы әрі сәнді киім таңдайтын азаматтар үшін үлкен тосынсый әзірледі. Орталықта бірден су жаңа екі сәнді киімдер дүкені шымылдығын түрді.

«Изуми» сауда үйі үшінші мегаполис тұрғындарына ерекше сыйлық дайындады. Мұнда бір мезетте сәнді киімді ұнататын ер азаматтарға арналған жаңа екі дүкен ашылды. Салтанатты шара аясында дүкеннің қызыл лентасын әлем бойынша танымалдылыққа ие марканың өкілдері кесті.

Энрико Маринелли және Джовани Джантилли брендтері жарқын әрі ұтымды стилімен ерекшеленеді. Мұндағы киім – кешектер ер азаматтардың көңілінен шығады. Ал нәзік жандар талғаммен киінетін жігіттерге ерекше мән береді, дейді мамандар.

Ирина БЫЧКОВА

Изуми„ сауда үйінің қаржы директоры

Біз жаңа бутик ашып отырмыз. Сондай-ақ үшінші қабатты қайта өзгертіп, мұнда Энрико Маринелли және Джовани Джантилли дүкендерін аштық. Бұл марка әлем бойынша барлық елде кездеседі. Қазақстанда бұл брендтің нүктелері көп. Мәселен Астана, Алматы, Ақтау қалалары. Ресейде, және Африка мен Америкада да бар. Біздің бутиктер Стамбұлды есепке алмағанда, Қазақстан және Ресей бойынша алаңы жағынан ең көлемді болып есептеледі.

Премиум санатындағы киім — кешектер тұрғындарды жоғары сапа және қолжетімді бағамымен қуантады. „Көктем — жаз 2018„ жаңа топтамасы танымал дизайнерлердің қолынан шыққан. Коллекциядағы костюмдер түрлі түсімен қатар ұтымды дизайнымен ерекшеленеді.

Энрико Маринелли және Джовани Джантилли брендтерінің мамандары нарықтағы саясатты толық меңгерген. Бүгінде олар біліктілігін тәжірибеде іске асыруда. Джовани Джантилли компаниясы ұсынған тауардың бірі ерекше жиделер. Ал Энрико Маринеллидің қолдан тігілген костюмдері небәрі 990 граммды құрайды. Танымал маркалы тауар салмағын қарапайым костьюммен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл. Классика стилін құптайтын азаматтар бұл костьюмдердің ерекшелегін жіпке тізгендей атап берді.

Самат ТҰРАРБЕК

сәнгер

Бұл жердегі костюмдердің басқалармен айырмашылығы ерекшелігі өте көп деп айтсақ болады. Бұлар сапа жағынан өте жоғары болып келеді. Бұл адам үстінде өте ыңғайлы. Және жүргенде де сенімді жүресіз.

Тұтынушылар дүкендердің интерьер дизайнына да ерекше назар аударуда. Өйткені мұнда турциялық мамандар жұмыс істеген. Тұрғындардың сөзінше ер азамаматтар Джантилии Маринелли бренді негізінде киінсе, бұл оның бизнесі мен жеке өмірінің жақсаруына сеп болады. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Нұрсәт мөлтек ауданында орналсқан Изуми сауда орталығында арнайы ресепшнде жұмыс істейді. Мұндағы кеңесшілер сіздерге соңғы үлгідегі сәндік киімдер туралы ақпаратпен бөлісуге дайын.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*