Басты » Қоғам » Оңтүстіктің арулары салт – дәстүрімізді дәріптеуден сайысқа түсті

Оңтүстіктің арулары салт – дәстүрімізді дәріптеуден сайысқа түсті

«Үкілі ару» байқауына қатысқан үміткерлер күбі пісіп, табаға нан жауып аспаздық өнерлерін ортаға салды. Кесте тігіп, ұршық иіріп ұмыт болған ұлттық дәстүрді қайта жаңғыртты.

Облыстық Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығына жиналған арулар салт-дәстүрімізге бейім екендіктерін байқатты. Үміткерлер таба нан жауып, талқан түйді. Кесте тоқып, қол өнер бұйымдарын жасаудан шеберліктерін аңғартты. Байқауға облыстың түрлі өңірлерінен 10 – нан астам үміткер қатысып отыр. Шарада арулар тек сұлулығы мен өнерін ғана емес , үй шаруасын жасаудан да сайысқа түсті.

Жәнібек Тағаев

Әдет-Ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры

Қазақтың тұрмыс тіршілігіне байланысты өзінің қолөнер шеберлерін тәжірибелі түрде күбі пісіп құрт май алып сонымен қатар қазан қайнатып, сонымен қатар нан жауып, сондай сондай қазақтың ұлттық тағамдары қалай пісу керек, онымен қатар қолөнер шеберлері мына кесте тоқып жіп иіріп, Мынау тоқыма тоқып деген сияқты құрақ құрау сондай ережелер бойынша біз енді байқауды өткізіп жатырмыз.

Самаурынға шаю қою, ішек-қарын тазалау. Үміткерлер барлық тапсырманы бұлжытпай орындап, нағыз қазақ қызына тән қасиеттерімен ерекшеленді. Сондай арулардың бірі Эльвира Шалқарбаева. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің шәкірті байқауға 1 апта дайындалыпты. Аздаған уақыттың ішінде қазақи дәстүрді бойына сіңірген пысық қыз табаға нан пісіріп, аспаздығымен көпшілікті тәнті етті.

Эльвира Шалқарбаева

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенті.

Ал бұл конкурс тек қана сұлулық емес . Жалпы қыз бала тек қана сұлу болып қана қоймай тұрмысқа бейім болуы керек. Бұл байқауда тұрмысқа бейімділігімізді байқайды. Яғни самаурын қойып шай демдеу. Ежелден бері келе жатқан салт-дәстүрлерімізді дәріптейтін байқау.

Аталмыш байқау биыл екінші рет өткізіліп отыр. Сайыс 2 кезеңнен тұрады. Үй тапсырмасы кезеңі 25 сәуірде Ш. Қалдаяков атындағы филармонияда өтетін болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*