Басты » Редакция таңдауы » «Your design» архитектуралық-дизайндық студия жұмысын бастады

«Your design» архитектуралық-дизайндық студия жұмысын бастады

Шымкентте үйіңіздің әр бұрышына сән беретін «Your design» архитектуралық- дизайндық студия жұмысы жандануда. Мұнда эксклюзивті интерьер және экстрерьер дизайны бойынша кәсіби 35 маман жұмыс істейді. Сондай-ақ мекемеде кез-келген талғамға сай жиһаз бен сәндік жабындылармен айналысатын шеберлер де бар.

Дана Бостаева «Your design» архитекторлы — дизайнерлік студиясының директоры. Сәулетші әрі дизайнер жоғарғы оқу орнын Санкт-Петербургте тәмәмдаған. Сондай-ақ біліктілігін Лондонда жоғарылатқан маман, шетелде қалмай туған қаласы Шымкентке қайта оралыпты. Басты мақсатым сүйікті шаһарының кейіпін көркейту болды, дейді ол.

Дана Бостаева

«Your design» архитекторлы — дизайнерлік студиясының директоры

Мен сәулетші боларымды бірден білдім. Әулетімізде төртінші буында осы саланы таңдамақшы. Яғни менң үлкен ұлым архитектор болуға әзірленуде. Менің туындыларымды «Әль-Фараби», « Береке» сауда орталықтары мен «Шымкент Плазадағы» екі бутиктен табуға болады. Мен ветринамен жұмыс істегенді ұнатамын. Ветрина деген ол әрбір сауда нүктесінің беті. Сондықтан менің қолымнан шыққан әрбір дүкеннің келбеті ерекше. Өйткені мен оған бар өнерімді жан тәнімді салғанмын.

Креативті сәулетші өз деңгейін көтеру үшін жыл сайын республикалық әрі халықаралық дизайнерлер форумына қатысады. Сол арқылы ол, Шымкентке жаңа сәндік тенденцияларды енгізеді. Мәселен 2018 жылы классика мен лофтты үйлестіріп жылдың жаңа бағытын ойлап тапқан.

Бұл пантон. Әлемнің ең үздік бояғыш дизайнер мамандары 5 жылда бір рет жиналады. Олар түстер б ойынша 5 жылға алдын ала сәндік бағыт береді. Міне көріп отырғандарыңыздай 2018 жылғы түстер өте ашық жарқын.

«Your design» архитектуралық — дизайнерлік студиясының мамандары кез-келген сәндік жобаның қиындығына қарамастан әзірлеуге дайын. Бұл тұтынушылар үшін әдемі картинаны беріп қоймай, алдағы жобаға инженерлік техникалық шешімдерді де қарастырады. Мәселен заманауи аквапарк жобасын іске асыруда кәсіби шеберлер небәрі бірнеше ай жұмсаған. Алдағы уақытта ол шаһарымыздың келбетін көркейте түседі.

Михаил Трофимов

сәулетші

Бұл жоба өте қызықты. Еуропалық деңгейде. Біз тұрғындар демалуға шетелге бармайақ осында келетіндей етіп дизайнын әзірледік. Яғни еуропалық деңгейдегі аквапарк бізде болғанын қаладық.

«Your design» студиясының білікті командасы кез-келген сәндік жобаны іске асыра алады. Олар қабырғадағы жабындыларға ерекше мән береді. Мамандардың сөзінше, қазір қабырға түсқағазы сәннен қалуда, оның орнын декоративті жабындылар басқан. Олар ұзаққа шыдайды. Бұдан басқа мекемедегі жиһаз дизайнерлері сіздің талғамыңызға сай сапалы үй жиһахздарын таңдап ереді.

Анатолий Паранович

жиһаз дизайнері

Жиһазды біз түрлі бағыт бойынша классикадан бастап модернге дейін әзірлей береміз. Сондай-ақ кез – келген материалдарды қолданамыз. Тіпті біздің қалада жоқтарында өз тұтынушыларымыз үшін табуғада әзірміз.

«Your design» архитектуралық — дизайнерлік студиясы сіздерді қолжетімді бағалық саясатымен қуантады. Мекеменің кеңсесіндегі қызметкерлер үйіңізді өзгертуге ерекше кеңестер береді. «Yourdesign» студиясы Шаяхметов көшесі, 6а үй мекен жайы бойынша орналасқан.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*