Басты » Редакция таңдауы » Көше спортымен шұғылданатын жастардың қатары артуда

Көше спортымен шұғылданатын жастардың қатары артуда

Көше спортымен шұғылданатын Шымкенттік жастардың қатары артуда. Бұған демалыс күндері қаламызда өткен марафон дәлел. Осымен 4 рет ұйымдастырылып отырған спорттық сайысқа бұл жолы 100-ге жуық жеткіншек жиналды.

Жаппай жүгіруді қолдаған бұл жеткіншектер 13 легион ұжымының ұйымдастырған марафонына қатысушылар. Жексенбіге қарамай таңғы 8:00-де Орталық саябаққа жиналғандар, Жеңіс саябағына дейін жүгірді. Кейін түрлі жаттығулар жасап, нормативті тапсырмаларды орындады. Осылайша салауаты өмір салтын қолдаған Шымкенттік жастар 4 рет бас қосып отыр екен.

Тимур Шайдулин

«13 легион» командасының көшбасшысы

Жас аралығына шектау қойылмаған 13 легионның марафонында көше спортшылары сондай-ақ турникке тартылудан да өз өнерлерін көрсетті. Түрлі әдіспен көпшілікті тәнті еткендердің бірі Данил Зотов . Алғашында велоспортпен шұғылданған бозбала кейін көше спортына қызығушылы ауған. Оның Әр түрлі әдіспен стрит уоркаудтың ерекшеліктерін көрсетуді қолға алғанына биыл 2 жыл.

Данил Зотов

«13 легион» командасының мүшесі

«13 легионның командасына кірмей тұрып, мен олардың жасап жатқандарын сырттай бақылап жүрдім. Кейін жаттығуларды өз бетімше жасауды бастадым. Ережесін, тәртібін білмей өздігімнен үйрене бердім. Кейін саябақтарда жаттығып жүргенімде легиондықтардың бірі мені байқады. Өз командаларына шақырып, мен Ойланбай қосылдым»

Құрдастарын жаман әдеттен аулақ болып, спортқа баулуды насихаттап жүрген 13 легиондық жігіттер енді жеңіс күніне орай қайта бас қосады. 8 мамырда спорт мерекесін ұйымдастыруды ойластырып жатқан олар өңіріміздің барша жастарын шақыруда.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*