Басты » Спорт » Бокстан азия біріншілігінде бақ сынаған оңтүстік спортшыларының барлығы жүлделі оралды

Бокстан азия біріншілігінде бақ сынаған оңтүстік спортшыларының барлығы жүлделі оралды

Жерлестеріміз жастар арасындағы жарыста ел намысын қорғаған болатын. Нәтижесінде қос алтын, бір күміс медаль еншілеп туған жерге табан тіреді. Енді олар Әлем чемпионатында сынға түсетін болады. Ал, Сайыста сәтті өнер көрсеткен өрендерді бапкерлері мен жақындары әуежайдан ыстық ықыласпен қарсы алды.

Көрсетіліп жатқан бұл қошемет шаршы алаңда қарсылас шақ келтірмей, жеңіске жеткен чемпиондарға арналады. Тайланда өткен Азия біріншілігіне 3 оңтүстік спортшысы аттанған болатын. 5 күнге жалғасқан жарыс нәтижесінде жерлестеріміздің ешқайсысы жүлдесіз қайтпады. Құрлықтық бәсекеде олар ел қоржынына қос алтын, 1 күміс жүлде сыйлады.

Заңғар Қасқаев

5 қалалық бокс мектебінің директоры

«Жаңа ғана алматыда күтіп алды. Алматыда бұлай күтіп алған жоқ. Енді біздің Шырайлы Шымкент әдемі күтеді. Қуаныштымыз. Рахмет»

Бокстан 49 келіде ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан бұған дейін де азия алтынын алған болатын. 2017 жылы жасөспірімдер арасында топ жарған Махмұд биыл жастар арасында жеңіске жетіп отыр. Жарыста 3 бірдей кездесу өткізген чемпион — елінен келген қарсыластарын қарғытқан екен.

Махмұд Сабырхан

бокстан Азия біріншілігінің чемпионы

«Біріншіден барлықтарыңызға рахмет айтамын. Құдайға шүкір. Құдайдың қалауымен Тайланд қаласында өткен Азия чемпионатының Азия чемпионы атандым. Бұл Азия чемпионаты алда Әлем чемпионатына жолдама алдым. Енді алдағы мақсатым осы Әлем чемпионаты Венгрия елінде өтеді. Соған тыңғылықты дайындалып, Әлем чемпионатында Қазақстанның көк туын желбіретемін деймін»

Ал, жоғары салмақта сынға түсіп жүрген Дина Исламбекова өткен жылы Әлем біріншілігінің күмісіне ие болған еді. Ол кезде Алтын алуға бір қадам қалғанда төрешілер шешімімен украиналық бұрымдыға жол берген. Биыл сары құрлықтық сайыста ешкімге есе жібермей қазақ елінің жалауын биікке көтерді.

Дина Исламбекова

бокстан қыздар арасындағы Азия чемпионы

«Біздің бұл жеңісіміз тек қана өзіміздің емес барлық Қазақстан елінің арқасында деп ойлаймын. Осы жеңісіміз бүкіл қазақ елінің атын шығарып, тарихта қалды деп ойлаймын. Бұл жастар арасында және жасөспірімдер арасында бірінші Азия чемпионаты және бұл Қазақстанда ең үлкен нәтиже деп есептеймін.»

Ер балалар мен қыздардың бәсекесінде жүлделі болған жерлестеріміз енді Әлемдік аренада бақ сынайтын болады. Солардың бірі Майя Бексебаева. Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген ару Әлем біріншілігінде алтынсыз қайтпайтынын айтады.

Майя Бейсебаева

бокстан қыздар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері

«Осы алтын болмаса да енді күміс алғаным үшін мен Қуатбеков Алмасқа рахмет.тренеріме. және ата-анама рахмет. Осы енді Азия чемпионатында ала алмаған алытымынды Әлем чемпионатында аламын деп ойлаймын.»

Тайланда жалауын көтерген дода қорытындысы бойынша елімізге жалпы саны 18 медаль түсті. Ер балалар мен қыздар арасындағы аламанда Қазақстан 10 алтын, 4 күміс және 4 қола жүлде еншілеген. Енді медальмен қайтқан боксшылар Джакартада өтетін Әлем біріншілігінде көк тудың астында өнер көрсететін болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*