Басты » Редакция таңдауы » Оңтүстікте параканоэдан ҚР-ның ашық кубогы жалауын көтерді

Оңтүстікте параканоэдан ҚР-ның ашық кубогы жалауын көтерді

Ал, ескек есуден ел біріншілігінің алғашқы күні жерлестеріміз 7 медальға қол жеткізді. Алматы қаласында басталған аламанда спортшыларымыз 3 алтын, 2 күміс және 2 қола қанжығалаған.

Параканоэдан өңірімізде Қазақстан Республикасының ашық кубогы жалауын көтерді. Жарысқа ел құрамасынан бөлек Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей спортшылары келген. Ел тарихында алғаш рет бастау алған сайыс мақсаты аталмыш спортты көпшілікке кеңінен таныстырып, халықтың қызығушылығын ояту екен.

Денис Жарменов

ОҚО ескек есу және байдарка федерациясының президенті

«Жарысты өткізудегі басты мақсатымыз параканоэ спортын өңірімізде ғана емес елімізде де дамыту. Жоғарыда айтып кеткенімдей, бұл спортты біздің ғана облыс қолға алып, жандандырып жатыр. Және осы дода арқылы Қазақстанның өзге аймақтарында да аталмыш спорт кеңінен танылады деп сенеміз. Негізі параканоэға үлкен көңіл бөліп жатырмыз. Алдағы уақытта мұнымен тоқталып қана қоймай,өзге де мүмкіндігі шектеулі спортшыларымызды желкенді қайық пен академиялық ескек есуге бағыттағымыз келіп отыр.

Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жандардың ескек есу жарысы олимпиада ойындарының қатарында да бар. Федерция президентінің айтуынша бұл спорттың болашағы жарқын. Бірақ әзірге параконоэ елімізде кеңінен танылмаған. Ел құрамасының сапында өңір өрендері ғана бақ сынап жүр.

3 жылдан бері қолға алынып, жолға қойылған параканоэдан ел намысын 5 спортшы қорғауда. Осы аралықта оңтүстік атынан шығып жүрген Жалғас Тайкенов Азия чемпионы атанып үлгерді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*