Шымкенттегі ЖОО-да күйеуі өз келіншегін пышақтап өлтірді - Шымкент жаналықтары
Басты » 13 Аймақ » Шымкенттегі ЖОО-да күйеуі өз келіншегін пышақтап өлтірді

Шымкенттегі ЖОО-да күйеуі өз келіншегін пышақтап өлтірді

Шымкентте тағы да кісі өлімі. Қаладағы жоғарғы оқу орындарының бірінде жұмыс жасайтын келіншек, күйеуінің қолынан қаза тапты. Бізге жеткен ақпарат бойынша, 1987 жылы туылған азаматшаны жасы 40 тан асқан өз күйеуі жұмыс орнында бірнеше жерінен пышақтап өлтірген. Оқиға 11 мамыр күні кешкі сағат 18-30 дар шамасында орын алған. Қазіргі таңда, аталмыш оқиғаға байланысты сотқа дейінгі терегу амалдары жүргізілуде.

 Сондай-ақ 11 мамыр күні кешкісін индустриалдық аймақта қытай азаматы көз жұмды. Қолдағы бар мәліметке сүйенсек, екі қытай елінің азаматтары жанжалдасып, аяғы кісі өліміне әкелген. Нәтижесінде 29 жасар ер азамат 1984 жылғы азаматты асханада пышақтап өлтірген. Ресми ақпарат мамандардың мәлімдесінен соң белгілі болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*