Басты » Редакция таңдауы » Усадьба Ладушки мейрамханасы ауыз ашарға ерекше ас мәзірін ұсынды

Усадьба Ладушки мейрамханасы ауыз ашарға ерекше ас мәзірін ұсынды

Мұндағы аспаздар ораза тұтқан мұсылман қауымы үшін, түрлі дәмді тағам әзірлеуді қолға алды. Тіпті олардың бағалық саясатыда тұрғындарға қолжетімді болмақ.

Мейрамхана аспаздары ауыз ашарға арналған ас мәзірін арнайы әзірлеп қойған. Оның тізіміне тек дәмі тіл үйіретін емес сондай-ақ денсаулыққа пайдалы тағамдар да кірген. Мамандардың сөзінше бұл астың құрамында қажетті минералдар мен дәрумендер жеткілікті. Мәселен жеңіл сорпа, краб муссы және түрлі салаттар әрбір ораза ұстаған тұтынушының талғамына сай келеді. Айта кетсек, Ораза айында Усадьба Ладушки мейрамханасы тәулік бойы режимінде жұмыс істейді.

Зухра ШУКУРОВА

«Усадьба Ладушки» мейрамханасының әкімшісі

Ифтар үшін жеңіл әрі дәмді тағамды қалайды. Біздің мейрамхана асаздары ерекше сорпа әзірлейді. Ол арнайы ауыз ашарға арналған. Мәселен мынау сорпа қызылшадан дайындалған. Ол өте пайдалы. Ал нанның орнына біз ерекше әзірленген картопты ұсынамыз.

ЗКТ: Ладушки мейрамханасы тағамының дәмін татуға „ТВК„ телеарнасының тілшілері Шакир Умаров пен Нұрсұлтан Тұрысбековте келді. Олар су жаңа ас мәзірінде көрсетілген тізімге бағасын беруге мүмкіндік алды. Айта кетейік, мұнда келушілер үшін салқын лимон қосылған сусында ұсынылады.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

TVK„ телеарнасының тілшісі

Біздің жұмыспен ораза ұстау қиынға соғады. Кейде ауыз ашарға үйге үлгере аламай жатқан кездер болады. Сондай кезде жол жөнекей тамақ ішкенді жөн көреміз. Соның ішінде атап өткім келеді ладушки мейрамханасында жегенмін. Тамақтары өте дәмді. Биылда Алла нәсіп етіп жатса сол жерге барамын.

Мейрамхана қонақтарына тағам таңдау үшін мұндағы кеңесшілер көмек береді. Өйткені олар Ифтар үшін арналған ас мәзірінің құрамын жатқа біледі. Айта кетсек, ауыз ашарға арналған тағамның бағалық саясатыда қолжетімді. Тіпті келушілер тағамды өзімен бірге алып кетуіне де барлық жағдай қарастырылған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*