Басты » Редакция таңдауы » «Алияр-UCMAS» республикалық марафонының өтуіне қолдау көрсетті

«Алияр-UCMAS» республикалық марафонының өтуіне қолдау көрсетті

Шымкентте республикалық „Білім жолы„ марафоны өтті. Осымен үшінші рет ұйымдастырылған шараға қаладағы 12 мектеп пен 8 балабақшадан 200 бүлдіршін қатысты. Олар түрлі тапсырмаларды орындап, сый-сияпатқа кенелді. Сондай-ақ, әрбір қатысушыға „Асыл Бала„ Ассоциациясының арнайы сертификаты табысталды. Толығырақ тілші тарқатып айтады.

Білім жолы„ республикалық марафонының Шымкентте өтуіне „Алияр-UCMAS„ халықаралық академиясы тікелей қолдау көрсеткен. Мақсаты-ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларды ақылды балалармен теңестіру. Сондай-ақ, бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытып, үздіктердің қатарына қосу. Академия құрылтайшысы Гүлнара Үсенованың айтуынша, марафонға қатысуға өтініш беретіндердің қатары жыл санап артып жатыр екен.

Гүлнара ҮСЕНОВА

Алиар-UCMAS„ халықаралық академиясының құрылтайшысы

Бұл морофонды біз үшінші жыл қатарынан өткізіп келеміз. Үшінші жыл ерекше балаларды шақырамыз. Сонымен қатар мектеп оқушылары да қатысады. Мәселен, биылғы жылы 200-ден астам қатысушы бар. Олардың әрқайсысына сыйлық дайындап қойдық. Ондағы мақсатымыз балаларды бөлмей, барлығы бірдей екенін көрсету.

Қатысушылардың бүгінгі сайысқа тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Әр команда ерекше форма киіп, кеуделеріне таңба таққан. Тіпті ұрандатып бірін-бірі жігерлендіруде. Жарыс шарттарына сәйкес олар 9 бекеттен өтіп, тапсырмаларды орындайды. Дегенмен, балалар үшін бұл сынақтар қиындық тудырмапты.

Нұрдана АЛМАХАН

қатысушы

Мен қазір 4 бекеттен өттім. Ондағы тапсырмалар оңай әрі қызықты болды. Енді 5 бекет қалды. Ол жердегі сауалдарға дұрыс жауап беріп, жеңіске жетемін.

Асыл бала„ ассоцияциясы және „Алияр UCMAS„ халықаралық академиясының бұл игі бастамасы өз жемісін беріп жатыр. Әсіресе, ерекше оқытуды қажет ететін балаларға психологиялық тұрғыдан тигізер пайдасы мол. Мәселен, соңғы үш жылдың ішінде ерекше балалар шеберліктерін шыңдап, тапсырмаларды ақылды балалармен бірдей орындайтын болған.

Шарбат ШЫРЫНБЕКОВА

ОҚО ПМПКМ-нің басшысы

Осы ерекше оқытуды қажет ететін балалар мен ақылды балаларды теңестіру. Өздеріңіз көрсеңіздер біздің ерекше балалар ақылды балалармен теңесіп қалған. Ақылды балалардан қалыспайтынына көздеріңіз жетеді. Біз мақсатымызға жеттік.

Іс-шара кезінде ерекше балалар сахнада өнерін көрсетті. Сонымен қатар, 200-ге тарта бүлдіршін флешмоб билеп, сегіз қырлы бір сырлы екенін көрсетті.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*