Басты » Редакция таңдауы » Жыл сайын жасанды жолмен балалы болатындардың саны артып барады

Жыл сайын жасанды жолмен балалы болатындардың саны артып барады

15 мамыр отбасы күні. Аталған датаны облыстық денсаулық сақтау басқармасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы „Біз бақытты ұрпақ үшін„ ұранымен атап өтті. Ұйымдастырушылар қалалық емханалардағы „дені сау бала кабинетіне„ арнайы барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Шымкент қаласындағы барлық емханаларда отбасын жоспарлау мектебі жұмыс жасайды. Онда болашақ аналарға арналған сабақтар өткізіледі. Мамандар, келген әрбір пациентке ақыл-кеңесін айтып, отбасылық өмірге сенімді қадам басуына көмектеседі. Өткізіліп отырған шараның да мақсаты осы. Үгіт-насихат жұмыстарын күшейтіп, отбасын жоспарлау мектебін ел арасында кеңінен таныту.

Фарида БАЙЗАҚОВА

ОҚО Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының атқарушы директоры

Биылғы жылдың ұраны дені сау ұрпақ үшін деп аталдып отыр. Осы ретте біз отбасын жоспарлау, дені сау бала кабинеттерінің жұмыстарын насихаттау мақсатында өткізіп отырмыз.

6 қалалық емханасындағы „Дені сау бала„ кабинетіне бір күнде 25 пен 30 жастағы аналар келеді екен. Олар көбіне жаңа туған сәбиінің күтіміне қажетті ақпараттарды сұрайтын көрінеді. Әсіресе, балаларды дұрыс тамақтандыру мәселесімен жүгінетіндер көп.

Баян ӨТЕБАЕВА

Дені сау бала„ кабинетінің мейірбикесі

Баланың салмағы аз болғанда, дұрыс тамақтануды үйретеміз. Алғашқысын босанғандарға омырау сүтінің маңыздылығы туралы айтамыз. Сонымен қатар, баланың ой-өрісін дамыту туралы ақыл кеңес береміз.

Гүлзакира Көлбаева екі баланың анасы. Ол дені сау бала кабинетіне тұңғышына жүкті болған сәтте келіпті. Айтуынша, мұндағы кеңестердің өмірде үлкен көмегі тиген. Әсіресе, бала күтіміне байланысты тың ақпаратттар жинапты. Сондықтан жас ана ақ халаттыларға айтар алғысым шексіз,-дейді.

Гүлзакира КӨЛБАЕВА

жас ана

Бұл кабинеттің мен үшін үлкен көмегі тиді. Балаға жақсы жағдай жасау, дұрыс тамақтандыру, денсаулығын күту жағынан көп көмегі тиді.

Жалпы, жыл сайын Оңтүстікте орта есеппен 75 мыңға жуық сәби дүниеге келеді екен. Арасында, жасанды жолмен ұрпақ жалғастыратындар да бар. Дәрігерлер өздігінен бала көтере алмайтындарға квота бөлеміз,- дейді. Атап айтар болсақ, өткен жылы 139 ана жасанды жолмен сәби сүйсе, биыл бұл көрсеткіш 159-ға жеткен.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*