Басты » Редакция таңдауы » Шымкенттегі ескі қалашықта жүргізілген қазба жұмыстары тоқтатылды

Шымкенттегі ескі қалашықта жүргізілген қазба жұмыстары тоқтатылды

Жауаптылар бұл жоба 2018 жылдың екінші жартыжылдығында қайта қолға алынады деп отыр. Қазір арнайы институт археологиялық жұмысқа жұмсалатын бюджеттік шығын көлемін анықтауда. Алдағы уақытта ескі қалашықта іске асатын жобаға қандай өзгерістер енгізіледі?

Қазір Шымкенттегі ескі қалашықта қайта жөндеу жұмыстары қарқынды түрде іске асуда. Дегенмен жоба аясында мамандарды әлі бірқатар қиындық күтіп тұр. Мәселен биылғы жылдың жаз мезгілінде олар Түркістандық моншаны сүруі тиіс. Сондай — ақ жұмыстың баяу жүруіне 70-ке жуық жеке сектордағы үйлер себеп болуда, дейді жауаптылар. Алайда жүйелік шараларда әзірге толық жүргізіліп жатқан жоқ. Мамандардың айтуынша сүрілетін нысандардың иесіне өтемақы төлеу, қаржылық шығынын есептеу секілді жұмыстар кешіктіріліп жатыр.

Нұрлан АРХАБАЕВ

Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

Бұл аймақта бірқатар мәселе бар. Яғни транспорт жағы. Мұнда тарихи аймақтар бар. Сол аймақта транспорт қозғалысын тоқтатып, жаяу жүргіншілер жолын қалдыру. Өйткені өздеріңіз білесіздер Ордабасы сол жердің орталығы секілді. Әрі қарай Қошқар ата және тарихи аймақ болып кете береді.

Шаһардың бас сәулетшісі Нұрлан Архабаевтың айтуынша бұл жоба өте ауқымды. Тіпті онда көрсетілген бағыттардың барлығын толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Алдағы уақытта ескі қалашық туристік инфрақұрылымы қамтылған ауқымды жүргіншілер аймағына айналады. Бұл жобаны іске асыруға алматылық мамандарда үлес қосыпты. Алайда аталған идеяның іске асуына ондаған жыл қажет.

Нұрлан АРХАБАЕВ

Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

Бас жоспарды құру жұмыстарымен „Града„ ЖШС айналысып жатыр. Бұл алматылық фирма. Осы осы салада олардың тәжірибесі мол. Қошқар атаның өзі өзен жағалауында болғандықтан, мұнда демалушылар шығып кзекті аймаққа кіретін болады. Яғни тек бір орынмен тоқталмай, демалыс әрі қарай жалғасатын болады. Әрі қарай цитадель болады, ол жерді де тарихи жүргіншілер аймағына айналдыру жоспарда бар.

Абаттандыру жұмыстары үшінші мегаполистің өзгеде аудандарында жүргізіледі. Жоспарға сәйкес Шымкенттің әрбір шағын ауданында аллеялар салынады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*