Басты » Редакция таңдауы » АРДАГЕР АНАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРДАГЕР АНАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

17 жасында әскер қатарына шақырылған Екатерина Маркина қан майданды көзімен көрген. 1943 жылы үшінші Украина фронтында байланысты қызметін атқарған кейуана қазір тоқсан жаста. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен ардагер үйіне арнайы ат басын бұрған өрт сөндірушілерге алғысын жаудырып, сұм соғысты еріксіз еске алды.

     Әскер қатарына шақырылғанда жасым небәрі 17-де еді. Осындағы педогогикалық училищеде оқып жүрген кезімде соғыс басталған. Әкесі соғыс басталған күні майданға аттанған. Әкесімен тек бес жылдан кейін ғана жолығыпты. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен №1 мамандандырылған жасақ қызметкерлері ардагерге естелік сыйлықтар табыс етіп, үй шаруасына көмектесті. Төтеншеліктер мұнымен тоқтамай игі шараларын алдағы уақытта да жалғастырмақ ниетте.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*