Басты » Редакция таңдауы » Оңтүстікте алғаш рет ешкі сүтінің өнімдері шығарыла бастады

Оңтүстікте алғаш рет ешкі сүтінің өнімдері шығарыла бастады

Ордабасы ауданында құрылған ауыл шаруашылығы кооперативі тәулігіне 3 тоннадан астам ешкі сүтін өндіріп, 24 тонна сүтті өңдеуге қауқарлы. Ауыл шаруашылығының жаңа саласын дамытып отырған кәсіпкер келешекте өнімдерін бүкіл Қазақстанға жөнелтпек.

Ордабасылық шаруа Нидерланд елінен ешкінің Заанен тұқымын сатып алған. Қазір мұнда 500 бас ешкі болса, келешекте сексек ата тұқымын 6 мың басқа жеткізу жоспарлануда. Өсімділігі өте жоғары ешкі малы жылына егізден тауып, орта есеппен 100 басқа 200 төл береді . Жобаның жалпы құны 1 млрд. 829 млн. теңгені құрайды. Серіктестік бүгінде ешкі сүтінен айран, қаймақ, құрт, сүзбе мен йогурт өнімдерін шығарып жатыр.

Өңір басшысы Ордабасыға жасаған сапарында бұдан бөлек, «Байдаулет» өндірістік жылыжай кешенінде болды. Негізі 2014 жылы қаланған жылыжайда қияр мен қызанақ өсіріледі. Мұнда 9 жұмысшы жылына 60 тонна өнім өндіреді. Жобаның жалпы құны 15 млн. теңгені құрайды. Қожалық директоры алдағы уақытта өнім көлемін 700 тоннаға дейін жеткізіп, дайын тауарды Алматы, Қарағанды қалаларына жөнелтуді көздеп отыр.

Ордабасы ауданындағы бірқатар қожалықтарды аралап, шаруалармен пікір алмасқан өңір басшысы, сала мамандарына мемлекеттік қолдаулардың қол жетімділігі мен жаңа технологияларды енгізуге жіті мән беруде тапсырды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*