Басты » Редакция таңдауы » Халықтың көпшілігі әлеуметтік көмектерден хабарсыз

Халықтың көпшілігі әлеуметтік көмектерден хабарсыз

Жауаптылар арнайы дөңгелек үстел өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Алайда әзірге оның айтарлықтай нәтижесі де шығып жатқан жоқ. Өйткені өткізіліп жатқан іс шараның ұйымдастыру деңгейі төмен.

Биылдан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі енгізілген. Мәселен, бүгінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларға берілетін үш түрлі жәрдемақы біріктіріліп, атаулы әлеуметтік көмекке айналып отыр. Бұған қоса, қажетті құжаттар тізімі үш есе қысқарып, тек жергілікті жұмыспен қамту орталығына тапсырылады. Осыған орай жылдың басында үкімет басшысы тиісті сала өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаңа жүйенің жай-жапсарынан жан-жақты ақпараттандыруды міндеттеген еді. Шымкенттік мамандар бұл жобаны қолға алған. Дегенмен одан әлі айтарлықтай нәтиже шығып отырған жоқ. Өйткені жиынға қатысқан тұрғынның басым бөлігі бұл өзгерістерден хабарсыз. Тіпті оларға қандай жағдайда әлеуметтік көмек берілетінінде білмейтін көрінеді.

Жанат УТЕБАЕВА

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі басшысының орынбасары

Биыл жаңадан енгізілген жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бар, ол биыл 2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап беріліп жатыр. Былтырғыдан өзгешілігі былтыр балаларға атаулы және өрлеу деген үш бағдарлама еді. Биылғы жылда тек атаулы әлеуметтік көмек.

Қазір жеке меншік иелері тұрғын үй әлеуметтік көмегіне жүгіне алады. Бұл жоба аясында отбасына коммуналдық төлемге жеңілдік беріледі. Басқосу барысында аталған мәліметке қол жеткізген, қарапайым халық енді осындай әлеуметтік бағдарламаға жүгінбекші. Дөңгелек үстелге қатысқан мамандар өз бөлімдері атқаратын жұмыс бағытына да тоқталды. Мәселен мүмкіндігі шектеулі жандарға протез, ортопедиялық құралмен жабдықтау және балаларды үйде оқыту бойынша жалпы 8 қызмет көрсетіледі. Дегенмен биылдан бастап, бұл қызметке қол жеткізу үшін құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталығына өткізу қажет.

Біздің қызметке 8 кіреді. Олардың арасында балалрды үйде оқыту. Оған құжатт тапсыру үшін бізге емес ХҚКО бару қажет. Бірақ үйде отырыпта электрондық түрде құжат тапсыруға болады.

Тілшілерді жарымжандарға үйде оқыту бойынша жүргізілген жұмыс сапасы қандай деңгейде екені қызықтырды. Бірақ мамандар тарпынан бақылау жұмысын жүргізу аталған мекеменің құзіретіне кірмейтін болып шықты.

Жанат УТЕБАЕВА

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі басшысының орынбасары

Біздің құзіретке кірмейді. Тек концелярлық тауарға жәрдемақы береміз.

Жиын барысында мамандар зейнеткерді курорттық демалысқа жіберіп, аз қамтылған отбасыларға бір реттік жәрдемақы беру қызметіне байланысты ақпаратты тілге тиек етті. Дегенмен зейнет жасындағы азаматтар шипажайға тек кезекке тұрып қана бара алады. Биыл қала бойынша мұндай мүмкіндікке 3038 қарт ие болып отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*