Басты » Редакция таңдауы » Оңтүстіктегі 22 туристік нысанның цифрлық паспорты пайда болды

Оңтүстіктегі 22 туристік нысанның цифрлық паспорты пайда болды

Азаматтар мекеме туралы ақпаратқа QR-код арқылы қол жеткізеді. Ол үшін ұялы телефонға Ontustik guide немесе Neo Reader мобильді қосымшасын жүктеу қажет. Оның барлығы ақысыз. Содан соң, арнайы кодты суретке түсіріп, оны қосымшаға жүктеу керек. Нәтижесінде тұрғындар ескерткіш туралы ақпаратты алады. Бұл мәліметтер 3 тілде көрсетілген. Жыл соңына дейін жауаптылар мұндай кодтарды үшінші мегаполистегі 13 туристік нысанға енгізбекші. Олардың қатарына Наурыз алаңы, Бәйдібек би ескерткіші де бар. Мұндай бастама, туристердің жергілікті демалыс орындарына деген қызығушылығын арттыруға сеп болмақ.

Олжас Шынтаев

ОҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының міндетін атқарушы

QR тақтайшалары ол біздің туристік нысанның Цифрлық паспорты болып саналады. Ол сканер арқылы Ontustik guide қосымшасын жүктеп, кодты сканерлеу арқылы сол орын туралы ақпаратты оқып ала аласыздар.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*