Басты » Редакция таңдауы » Оңтүстіктегі нысандар әлі де мүгедектердің кіріп-шығуына икемделмей келеді

Оңтүстіктегі нысандар әлі де мүгедектердің кіріп-шығуына икемделмей келеді

Мәселен өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында толықтай жарымжандарға жарытып жағдай жасалмаған. Кейбір мекемелердің пандусы болғанымен, талаптарға сай келмейді. Сондай-ақ күту залының сыйымдылығы аз. Ал Мақтарал ауданында тіпті орталық ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының мәселесі”Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында өткен жиында талқыланды.

“Кедергісіз келешек”. Осындай атаумен күнгейде облыстық “Нұр Отан” партиясының жобасы бастау алған болатын. Мақсат өңірдегі нысандарға кіріп-шығу үшін мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалысына жағдай жасау. Жоба аясында құрылған қоғамдық бақылау тобы Оңтүстіктегі халыққа қызмет көрсету орталықтарына зерделеу жұмысын жүргізіп, бірқатар кедергілер мен қиындықтардың бетін ашты. Мәселен, ауданның барлығында дерлік мүгедектерге қолайлы жағдай жасалмаған. Кейбірінде жарымжандарға арналған автотұрақ орны жоқ. Ал салынған пандустар талапқа сай болмай шығыпты. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссия отырысының төрағасы Әділхан Исабаев бұл мәселе жыл сайын көтеріледі дейді. Айтуынша жауаптыларға ескерту берілгенімен, одан ешқандай нәтиже шықпай отыр.

Әділхан ИСАБАЕВ

«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссия жетекшісі, ОҚО мәслихатының депутаты

Неге осы шешілмейді. Жылы жауып қойып жатырсыздар. Алдында парламент депутаты келгендеде дәл осылай жабылып қалды. Сол екінші қабат. Ескерту айтылды қанша рет. Сол күйі тұр ғой. Істей алмасаңдар айтыңдар. Біз істей алмаймыз. Қолымыздан келмейді. Қаржы жоқпа, үкіметтен көмек жоқпа.

Жиынға қатысушылардың сөзінше Мақтарал ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергі тудырып отыр. Дегенмен мамандар бұл мәселе ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында толық шешіледі дейді. Ол үшін мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында жаңа нысан қарастырылмақ.

Жандос БОЛАТ

ОҚО бойынша халыққа қызмет көрсету департаменті басшысының орынбасары

Жетісайда МЖӘ негізінде жаңа ғимаратқа екінші жартыжылдықта көшеміз. Бұл мәселе шешіледі. Ал қалған аудан бойынша екінші жартыжылдық аяғына дейін толық шешіледі. Қазір бір жағынан біз үш департамент қосылып үлкен филиалға айналып жатырмыз. Бір жағынан материалдық жағдайымыз түзеліп, мәселе тез шешіледі деп ойлаймыз.

Департамент орынбасарының сөзіне сенсек, қазір 1-2 топтағы мүгедек жандар қажетті мемлекеттік қызметке үйінде отырып-ақ тапсырыс бере алады. Ол үшін өңір көлемінде арнайы мобильді топ жұмыс істейді. Сондай-ақ орталыққа келген мүмкіндігі шектеулі азаматтарға льготтық талондарда беріледі, дейді мамандар. Ал есту қабілеті жоқ азаматтар үшін арнайы сурда аударма қызметкерлері де жұмыс жүргізеді. Жиын барысында тілшілер жеке куәлікті ауыстыру барысында арнайы чипте қателік кеткенін де тілге тиек етті. Салдарынан олар электрондық қызметке қол жеткізе алмайды. Мамандардың қателігінен тұрғындар екінші рет жаңа куәлік жасатуға мәжбүр болған.

Бұл мәселеге байланысты енді жауаптылар арнайы тексеру жұмысын жүргізіп, комиссия мүшесіне 3 күн ішінде жауап құайтаруы тиіс.

Жандос БОЛАТ

ОҚО бойынша халыққа қызмет көрсету департаменті басшысының орынбасары

Кейбір кезде айталмаймын 2-нің бірі деп бірақ мыңнан бір сол куәлікте ақау болады. Ол ақаулық екі түрде шешіледі. Жаңадан алу барысында болмаса мобильді базаға тіркейміз. Сол жерден қызмет түрін алуға болады.

Комиссия мүшелері кемшіліктер табылған барлық мекемелерге айтылған ескертулер алдағы уақытта жойылу қажет екенін хабарлады. Олар бұл мәселені үнемі жіті бақылауда ұстайтынын алға тартады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*