Басты » Редакция таңдауы » Заңсыз тауардың саудасы қызып тұр

Заңсыз тауардың саудасы қызып тұр

Базардан сатып алған тауарыңыз санитарлық нормаға сай келе ме? Бұл әрбір тұтынушының көкейінде жүрген сауал. Әсіресе, азық түлік, сүт және ет өнімдерінің сапасына сынмен қарайтындар көп. Оған себеп те бар. Өйткені, сатушы кейде заңды белшесінен басып, тұрып қалған тауарын саудаға салғысы келеді.

Тұтынушының күдігін сейілту үшін қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Самал базарына барды. Жылжымалы зертхана көкөністен бастап, сүт ет өнімдерін тексерістен өткізді. Аталған жұмыстар ашық түрде жүргізілгендіктен, әрбір сатып алушы тауарының талапқа сай, сай еместігін білуіне болады.

Гүлнар ШОЛЖАНОВА

Абай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы

Бүгінгі өткізіліп жатқан шараның негізгі мақсаты, жеміс жидектер мен көкөністердің нитраттарын тексеру. Олардың адам денсаулығына зиянын тигізбеуін қадағалау.

Ақ халат киген мамандардың базарда жүргеніне келушілер таңданып жатты. Тек, саудагерлер мен басшылары кемшілігі бола тұра, бейқам отыра берді. Тіпті сүт өнімдерін пластикалық құтыларда сатуға болмайтынын мойындағанымен, тиым салуға қауқарымыз жетпейді,-деді.

Айсұлу ТАСТАНБЕКОВА

Самал„ базарының зертханашысы

Сүт өнімдерінің бірінші құжаттары тексеріледі. Одан кейін әкелген өнімдерді тексереміз. Қышқылдығын тағысын тағы.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің өкілдері жүргізген тексеріс кезінде ешқандай кемшілік анықталмады. Базардағы өнімдердің барлығы тұтынуға жарап тұр. Адам денсаулығына зиян келтірмейді екен. Бірақ, қарапайым жұрт мұндай іс-шараны жоспар бойынша емес, үнемі өткізсе,- дейді.

Құралбек КАРИМОВ

тұтынушы

Сүт, ет көңілімізден шыққанымен, сапасы қандай екенін білмейміз. Сондықтан зертхана жиі келіп тұрса, халық үйренетін еді. Оның үстіне көкөністің барлығы нейтрад. Оныда тексертіп сосын алу керек.

Мамандар тиісті жұмыстарын атқарып, өз жөндерімен кетті. Бірақ, олар емін-еркін саудаланып жатқан насыбайды көрсе де, көрмеген болды. Естеріңізге сала кетейік, елімізде „Насыбайды„ сатуға 2015 жылы тиым салынған болатын. Заңға бағынбағандар айыппұл арқалайды. Бірақ, бұған құлақ асып жатқан адамды көрмедік.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*