Басты » Редакция таңдауы » Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері емге зәру

Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері емге зәру

Денсаулығы сыр берген қариялар, емдеу орталықтарына бара алмай, тығырыққа тірелген. Бұл туралы Қазығұрт ауданындағы „Семей ядролық сынақ полигоны, Чернобыль электростанциясы ардагерлері мен мүгедектері„ ұйымының төрағасы мәлімдеді. Байғали Сейітовтың айтуынша, оларға жылына 1 рет 12 мың теңге жәрдемақы беріледі. Ұйымда, 27 ардагерлер мен 386 Семей ядролық полигонынан зардап шеккендер бар. Олардың тек 10 пайызы Алматы, Астанадағы емдеу орталықтарына баруға мүмкіндігі бар. Бұл жиында ол, емдеу орталығын Шымкентте де ашуды ұсынбақ. Бұл, ардагерлердің ауруларынан айығуына көмек болмақ.

Алайда, бұл жолы ардагерлердің өтініштері еленбеді. Себеп, сауалдарға жауап беретін мамандар жиынға келмеді. Осылайша, “Ардагерлерді ардақтайық” атты жиында қариялардың мəселелері еленбеді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*