Басты » Редакция таңдауы » Қазақтың ұлттық ойындары дәріптелді

Қазақтың ұлттық ойындары дәріптелді

Қаймағы бұзылмаған Оңтүстік өңірі ұлттық ойындарды дәріптеді. Жастардың қызығушылыған арттырып, делебесін қоздыратын ойын түрлері биыл алғаш рет ұйымдасытырылды. Сайысқа қатысушылар қыз қуу,теңге ілу, жамбы ату сынды халықтың байырғы салтын қайта жаңғыртты. Көнерген дәстүр – қалың көпшілікке кеңінен насихатталып, көне ойын түрлері қызықты әрі тартысқа толы болды.

Қыз қуу салты- өте ертеден келе жатқан ұлттық ойынның бір түрі. Жарыс жігіт пен оның болашақ қалыңдығы арасында өрбиді. Ойын ережесі бойынша, жігіт қызды қуып жетіп, бетінен сүю қажет. Ал одан соң, бойжеткен де өз есесін қайтару үшін, жігітті қуып жетсе қамшымен сабаған. Сайыстан жігіт жеңілген жағдайда, қызбен некелесе алмайды. Ал, қыз жеңілсе, ешқандай қалың малсыз жігітке тұрмысқа шыққан. Спорттық іс шараға қатысқан Бибігүл Байдар ойында қарсылысына дес бере қоймады

Бибігүл Байдар

қатысушы

Қыз қууда мені жетіп, бетімнен сүйсе де, мен қайтарда одан есемді қайтардым. Қыз қуу ойыны өте жақсы өтті.

Бозбалалар мен жігіттердің арасында өткізілетін ойынның тағы бір түрі-теңге ілу.

Мұнда жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі әрекеті,ептілігі сынға алынады. Ертеде жігіттің жеңгелері өзінің шолпысын не алқа күмістерін ормалға түйіп, шұңқырға салып қойған. Сәйгүлік мінген жігіттер оны 100-150 мертдей жерден екпіндете шауып, әкетеді. Іркіліп тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Жеңіске жеткен жігіт әшекейлерді болашақ жарына табыстаған.

Мырзабай Омар

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғылыми-әдістемелік бөлім меңгерушісі

Сайысқа осы облысымыздағы сайдың тасындай іріктелген жас жігіттер мен қыздар қатысты. Өздеріне аттары да, сәйгүліктері де сай болды. Жігіттердің ойыны аспан астында керемет көрермендердің көңілінен шықты.

Тағы да көне ойындардың бірі-жамбы ату. Бұл сайыс мергендердің өнері мен бозбалалардың бағын сынайтын дәстүрлі салттың бірі. Және ең қызықты ойындардың бағалысы. Ежелде, жамбы атудың бірнеше түрлері болған.Қазақ ауыз әдебиетінде жамбы атуға байланысты аңыз, әңгімелер мол сақталған. Жамбыны мерген жігіттер садақпен немесе мылтықпен кезектесіп атады. Ойында жеңіске жеткен жігіт сол арқылы өзінің мықтылығын дәлелдейді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*