Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте көне моншаны сүру жұмыстары басталды

Шымкентте көне моншаны сүру жұмыстары басталды

Жергілікті биліктегілер бұл жұмысты Қонаев даңғылын кеңейту мақсатында 2014 жылы қолға аламыз деп жоспарлаған. Алайда жобаның іске асуына жүз жылдық тарихы бар монша мен ескі калашықтағы 73 жеке сектор бөгет жасапты.

Жұмысшылар алдымен көне Түркістан моншасының шатырын бұзудан бастады. Ол үшін ешқандай техникада қолданылмаған. Ескі моншада жұмыс істеп жатқан азаматтардың қатары да көп емес. Мұндағы қайта жөндеу жұмысы қашан аяқталатыны әзірге белгісіз. Ал тұрғындардың пікірі болса екіге бөлінген. Бірі бастамаға қарсы екенін айтса, енді екінші бөлігі әкімдік жобасын қолдайтынын алға тартады.

Дархан

қала тұрғыны

«Мен мұнда келіп көрмегенмін. Келудіңде қажеті жоқ секілді. Өйткені қала өзге бағытқа қарай кеңейіп жатыр. Ал бұл жерде қала үлкейеді деп ойламаймын.

Динара

қала тұрғыны

«Біз бала кеімізден осында келуші едік. Мұнда жөндеу жұмысы болмасада бұл жердің аурасыда ерекше. Осында керемет бумен қыздыратын орны болушы еді. Ата апаларымыз моншаға су Қошқар ата өзенінен әкелінеді деп айтушы еді. Ол теріге пайдалы дейтін. Әрине мұндай құрылыс нысанын бұзу өкінішті. Егер тас жол қажет болса онда сүру керек шығар»

Жалпы қалада сүрілетін нысандар саны 73 — ті құрайды. Олардың 33 — інің иелері мемлекеттен өтемақыны алып та қойған. Қалғандарымен түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Өлкетанушы Алексей Гончаров Шымкенттің бұл бөлігіндегі көлік қозғалысындағы мәселені, өзге тәсілмен шешуге болады деп есептейді.

Алексей Гончаров

Өлкетанушы

«Біз қазақстанның ең көне қаласының біріміз. Өкінішке орай қазір тағы ұрлық фактісі болып жатыр. Қаладағы тағы бір жүз жылдық тарихы бар нысанның көзін құртпақшы. Негізі бұл нысанда арнайы ақпараттық тақта болу керек. Ол жерде аурухана болғаны жазылу керек. Ал монша болса 1925 жылы іске қосылған. Бұл еліміздегі жұмыс істеп тұрған ең көне моншаның бірі. Бірақ бұл ешкімге қажет емес. Себебі тағы бір тәжірибе үшін оны бұзуды шешкен. Бірақ сәулетшілер транспорт мәселесін шешудің басқада тәсілін ойлап тапқан. Ол аз қаражатты қамтид»

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*