Басты » Редакция таңдауы » Кәсіпкерлер салық және кеден кодекстеріне енгізілген өзгертулермен танысты

Кәсіпкерлер салық және кеден кодекстеріне енгізілген өзгертулермен танысты

Ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарында күшіне енген заңдар, көлеңкелі бизнес пен сыбайлас жемқорлыққты жоюға бағытталған. Бұл кәсіпкерлердің ісін алға дөңгелетуіне жол ашып, төленетін әлеуметтік салық мөлшерін азайтады.

Кәсіпкерлердің ісін алға ілгерілетуге бағытталған заңдағы өзгерістер, елбасының соңғы жолдауы негізінде енгізілген. Саяси құжатта, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнес үлесі 2050 жылға дейін 50 пайызды құрауы міндеттелген. Осыған сай, шағын кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салық көлемі 9,5 пайызға төмендетілді. Әлеуметтік алымдар 5 пайыздан 3,5 пайызға шегерілді.

Ләззат Тоқбергенова

форумға қатысушы

Біздер үшін үлкен жеңілдіктер бар. Мысалы, қазба байлықтарды тапқане кезде біз коммерциялық бонус төлемдерін төлейтінбіз. Үстеме салық пайдасын төлейтінбіз. Тарихи шығындарды өтеу төлемін төлейтінбіз. Қазір, бұл төлемдердің бәрі алынып тасталынды. Соның орнына баламалы салық түрі енгізілген.

Көлігін ұрлатқан жүргізушілерге де жеңілдік бар. Көлік құралын іздестіру аралығында темір тұлпар тақымдағандар, салықтан босатылады. Енгізілген өзгерістердің бірі 2019 жылдан бастап қолға алынбақ. Яғни, келер жылдан бастап, шот-фактуралар электронды нұсқада толтырылады. Нәтижесінде, кәсіпкерлер, өзге облыстардағы әріптестерімен тығыз байланыс орнатады.

Ғалымжан Аязов

ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің пост – кедендік бақылау басқармасының басшысы

Заңда қарастырылған құжаттардың тізімі азайтылған. Бұл кәсіпкерге үлкен жеңілдік береді. Рәсімдеу барысында уақытты қысқартады. Егер былтырғы уақытта рәсімдеу 2 күнде аяқталса, енді 5 минутқа дейін қысқартылған. Астанада 4 дәліз қарастырылған.

Көлеңкелі бизнеспен күресу үшін, кәмелетке толған әр адамның, салық декларациясына мүлкі, табысы жайлы мәліметтер жазылатын болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*