Басты » Мәдениет » Мәдениет қызметкерлері құрметке бөленіп, алғысқа кенелді

Мәдениет қызметкерлері құрметке бөленіп, алғысқа кенелді

Өткен жылы Оңтүстікте 31 мыңнан аса іс-шара өтті. Оның сәні мен салтанатын жарастырып, деңгейін өсіруге 5 мыңнан аса мәдениет қызметкері тер төкті. Ал, облыстық филармония ұжымы 6 мемлекетте өнер көрсетіп, қазақы болмысымызды паш етті. Мәдениет қызметкерлері күні қарсаңында, ұлттық өнерді насихаттағандар құрметке бөленіп, алғысқа кенелді.

Бұл мейрам, бұрыңғыдан өзгерек. Мәдениеттің мәртебесін көтергендер төл мерекелерін саф ауа, табиғат аясында тойлады. 1 жылда 31 мың іс — шараның сәні мен салтанатын үйлестіргендер, бұл күні ыстық ықыласқа бөленді. Төл өнерді әлемге танытып, талайды мойындатқандардың еңбегі қашан да бағалы.

Жансейіт Түймебаев

ОҚО әкімі

Бәріміз азиялық нәсілміз. Шетелге барға білесіздер, сұрайды, шатастырады. Қазақсың ба, алтайсың ба, қырғызсың ба якутсың ба білмейді. Өнері, біліміне

Мерекеде 8 өнер қызметкері „Облысқа сіңірген еңбегі үшін„ медалімен мараптталды. Қошеметке кенелгендердің бірі Мұхтар Шерім. Сатира жанрында қалам тербеген өнер иесі, 10-нан астам туындының тұсауын кесіп, әлеуметтік тақырыптарды әзілмен астарлай жеткізді. Енді, тынымсыз еңбегі еленді.

Мұхтар Шерім

сықақшы-жазушы

Мәдениетке Менің де өз үлесім бар деп ойлаймын. Өйткені, 86 жылдан бері „Күлкі жәрмеңкесі„ әзіл-оспақ отауын ұйымдастырып, сол әлі күнге дейін мәдениет басқармасының өткізетін шарасы болып келе жатыр. Осының өзі де қолдау деп ойлаймын, сатирикты шақырып, марапаттап жатқаны

Сондай-ақ, облыс әкімінің құрмет грамотасы, Нұр отан облыстық филиалының алғыс хатымен 30 — ға жуық мәдениет қызметкерлері марапатталды. Олардың қатарында, Ордабасы ауданының өнерпаздары да бар. Облыстық „Нұрлы жол — болашаққа бастар жол„ фестиваліне қатысқандар, бас жүлдені қанжығаларына байлады. Олар, 200 өнерпаздың басын қосып, сәтті өнер көрсеткен.

Құрманәлі Жылқыбай

Ордабасы ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Түрлі жанрда өнер көрсеттік. Ауыл-ауыл, шет жерлердегі өнерлі жастарымыз, азаматтарымызбен жұмыс істедік. Олардың өнерін халыққа наситтауға жұмыс жасадық. Бас жүлде алам деп соған жұмыс істемесеңіз, онда жұмыс нәтижесін бермейді.

Облыста 763 мәдениет мекеме бар. Оның жұмысын қарқынды жүргізбекке 5 мыңға жуық өнер қызметкері абыройлы жұмыс атқарады. Мерейлі мерекеде де таланттарын танытып, концерттік бағдарламасын ұсынды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*