Басты » Медицина » Аллергиялық ауруға шалдығатындардың қатары күрт өсіп кеткен

Аллергиялық ауруға шалдығатындардың қатары күрт өсіп кеткен

Жан-жақты зерттеу жүргізген дәрігерлер 21 ғасыр „Аллергия ғасыры„ деген тоқтамға келіпті. Өйткені, ғаламшардағы әрбір 10-шы адам аталған індетпен ауырады екен. Дәл осы мәселені талқылау үшін шетелдік профессорлар арнайы Шымкентке келді.

Шымкент қалалық көпсалалы ауруханасында алергология және пульмонология диагнозымен жылына 2400-ден астам науқас ем алады. Оның 65 пайызы бронхтық астмаға шалдыққандар. Көрсеткіш мұнымен шектеліп қалмайды. Мәселен, тәулігіне жедел есекжеммен 15-20 адам қаралса, санавияцияның көмегіне бір жылда 30-ға жуық науқас жүгінеді екен. Ақ халаттылар қала бойынша орта есеппен 150-160 шақыртуға шығады.

Рамазан БЕКТҰРҒАНОВ

ШҚКА бас дәрігері

Нақты статистиканың айту қиын. Себебі, бүгін ауырып, ертең жазылып кететіндер бар. Немесе қайтадан ауырып келетіндер. Бұл маусымдық ауру негізі. Жыл бойы ауырмайды, сондықтан дәрігерлер күш салуы керек сол уақытта.

Аталған дерттің алдын алу шараларын қарастырған ғалымдар, түрлі себептермен науқастар қатары жылына 15-20 пайызға өсетінін анықтапты. Сондықтан, заманауи технологияны тиімді пайдаланып, дәрігерлердің біліктілігін арттыру қажет,-деді Жанат Испаева.

Жанат ИСПАЕВА

Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар Ассоциациясы„ республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті

Дәрігерлердің сапасын көтеру қажет. Ал, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін осындай жиындардың маңызы зор. Шетелдік әріптестерімізбен де тәжірибе алмасамыз. Бұл науқастар үшін жақсы.

Аталған ауру түрі әлемде кең таралған. Зерттеу жүргізген мамандар 2050 жылға қарай аллергияның түрлеріне шалдыққан адамдар саны 4 млрдқа жетуі мүмкін екенін айтады. Сондықтан бұл мәселені бүкіл әлем болып шешуіміз қажет,-деді ұйымдастырушылар. Індеттің таралуына ең бірінші кезекте экологиялық ахуал себеп екен.

Мамлакат РУСТАМОВА

Ташкент медициналық академиясы ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі

Себептері өте көп. Әсіресе, аллергиялық және инфекциялық формадағы бронхтық асмамен ауыратындардың қатары өсіп жатыр. Бұл тек Өзбекстанда немесе Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан жағдай. Аурудың таралуына экологиядан бөлек, жартылай фабрикатталған тағамдар да себеп болып жатыр.

Шымкенттегі конференцияға еліміздің түкпір түкпірінен жиналған дәрігерлерден бөлек, Ресей мен Өзбекстаннан белгілі профессорлар қатысты. Олар бір-бірімен тәжірибе алмасып, аурудың алдын алу жайын талқылайтын болады.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*