Басты » Редакция таңдауы » Биылғы түлектер мектеп бітіру кешін атап өтуді өздері шешеді

Биылғы түлектер мектеп бітіру кешін атап өтуді өздері шешеді

Биылғы түлектер мектеп бітіру кешін атап өтуді өздері шешеді. Өйткені білім басқармасының тиым салуға құзыреті жетпейді екен. Бұл жаңалықты өңірдің бас ұстазы мәлімдеді. Исатай Сағындықовтың айтуынша, басқарма тек ұсыныс берумен шектеледі.

Оқу жылының аяқталғанын түлектер түрліше атап өтеді. Көпшілігі қымбат көліктерді жалдап, мейрамханаларда көңіл көтереді. Өкінішке орай соңы қайғылы жағдаймен аяқталатын кездер де болады. Себебі мектепті енді бітірген жасөспірім қауіпсіздік ережесін елемейді. Оңтүстіктің бас мұғалімі мұндай фактілердің тіркелетінін жоққа шығармайды. Алайда, тиым салуға құқым жоқ,- дейді. Исатай Сағындықов ұсыныспен қатар түлектерге ақыл-кеңесін айтты.

Исатай САҒЫНДЫҚОВ

ОҚО Білім басқармасының басшысы

Бізде кезінде жан-жағымызға кілем іліп қойып, тойымызды өткізгенбіз. Биыл 35 жыл болды бала өсіріп, немере сүйіп отырмын. Лимузин мінбесекте, ешкімнен кем болған жоқпыз. Бұл жерде қалай өткен түрі емес, өткізудегі мазмұнға көңіл бөлу керек.

Бұдан бөлек, басқарма басшысы Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға тоқталды. Енді ҰБТ қорытындысына сәйкес, аудан, қалалар арасындағы рейтинг деген болмайды. Тестілеу тек жоғарғы оқу орындарына түсу үшін өткізіледі. Сондай-ақ „Алтын белгі„ иегерлеріне де ешқандай жеңілдік жасалмайтын болды.

Исатай САҒЫНДЫҚОВ

ОҚО Білім басқармасының басшысы

Алтын белгіні мемлекет 11 жыл бойы мектептегі еңбегі үшін береді. Құрмет ордені сияқты. Ал, грант алу үшін оның әсері тек екі адамның баллы бірдей болғанда ғана соған беріледі.

Облыс бойынша биыл 1692 оқушы алтын белгіге үміткер. Ал, 1029 түлек үздік аттестат иесі атануға ниеттеніп отыр екен.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*