Басты » Редакция таңдауы » Қазақтың ұлттық киімдері әлемдік брэндке айналуы тиіс

Қазақтың ұлттық киімдері әлемдік брэндке айналуы тиіс

Қазір осы бағытта қарқынды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Шымкентте жыл сайын „Жібек жолы айшықтары„ ұлттық киім байқауы өтеді. Мұнда өңіріміздің талантты дизайнерлері төл туындыларын көпшілік назарына ұсынады. Бір қуантарлығы дәстүрлі киімдерді тігуге құлшыныс білдіретіндердің қатары артып жатыр.

Жібек жолы айшықтары„ көрме-байқауының 5 жылдығына арналған салтанатты шараға, өңірдің 40-тан астам дизайнері қатысты. Байқау шартына сәйкес, әрбір ісмер төл туындысын қазақы нақышта тігуі тиіс. Ұйымдастырушылар осындай шаралардың арқасында ұлттық киім үлгілерін кеңінен насихаттап, шетелдіктердің назарын аудармақ.

Азамат АЙТБАЕВ

ОҚО Көрме орталығының әдіскер-ұйымдастырушысы

Осындай көрмені өткізу арқылы, ұлттық нақыштағы киімдерді насихаттаймыз. Дизайнерлер, заманауи киім үлгісін ұлттық нақышта безендіріп, көпті таңқалдырып жатыр.

Айжан Төребекованың ұлттық киім үлгілерін тігуде 20 жылдық тәжірибесі бар. Осы уақыт аралығында дизайнер ерекше үлгілерді жасаған. Бірнеше байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленіпті. Бүгінде жеке кәсібін ашқан ісмер-күллі республиканы төл туындысымен таңқалдырмақ ниетте. Айтуынша, оның өніміне сұраныс күн санап артып жатыр.

Айжан ТӨРЕБЕКОВА

дизайнер

Мен бүгінгі байқауға ерекше дайындықпен келдім. Өткен жылға қарағанда көп өзгерістер енгіздім. Қазақтың ою-өрнегі бар заманауи киімдерді кез-келген жерге кибге болатынын дәлелдегім келеді.

Биылғы байқауда 5 номинация сарапқа салынады. Атап айтар болсақ, „Ең үздік балалар мен жасөспірімдер киімі„ „Ең үздік күнделікті киім„ және жұмыс киімі. Сонымен қатар, жас жұбайларға арналған үлгілер мен үздік шебер. Жеңімпаздар қаржылай сыйлыққа ие болады.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*