Шымкентте асыл тұқымды иттердің көрмесі өтті - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте асыл тұқымды иттердің көрмесі өтті

Шымкентте асыл тұқымды иттердің көрмесі өтті

Көрмеде еліміздің бірқатар облыстары мен көршілес Өзбекстаннан 200-ден астам үй жануарлары халықтың назарына ұсынылды. Олардың арасында тіпті, Ньюфауленд неміс догы мен Сібір Хаскиі де болды. Тек теледидардан ғана кездесетін иттерді өз көзімен тұрғындар таңданысын жасыра алмады.

Мұнда еліміздің өңірлері мен шет елден келген қонақтар өздерінің ерекше асыл тұқымды иттерін әкелген. Барлығының да бабы келісіп тұр. Байқау ережесі бойынша олар түр-түсіне қарай сондай-ақ жас ерекшелігіне қарай таңдалып алынған. Осылайша төрт аяқтылар түрлі сынақтан өткізілген.

Бүгінгі көрмеде иттер әдемілігімен және өзін жақсы ұстай білуімен бағаланады. Әрине Мұнда келген иттердің арасында көрмеге алғаш қатысып отырғандары да бар. Олар кішкене қобалжуы мүмкін. Мамандарымыз оларды жан-жақты тексеріп қарайды. Сондықтан да иттеріміз осының барлығына да дайын болуы қажет.

Иттердің үздіктерін әділ бағалау үшін Ресейден халықаралық дәрежедегі төрешілер шақыртылған. Ал иелері көрмеге пікір алмасып, тәжірибе жинақтау үшін келіпті. Ит күтіміне байланысты әрқайсысының өз құпиялары мен тәсілдері бар. Өзбекстандық Инна Любаргук мұндай шараларға жиі қатысып тұрады. Айтуынша иттер ерекше күтімді талап етеді. Тіпті олармен сөйлесуге де болады – дейді ол.

Любаргук Инна

Өзбекстан Республикасы кинологтар клубының жетекшісі

Бүгін біз бұл көрмеге Өзбекстаннан арнайы келіп отырмыз. Біздің мемлекеттен мұнда 1 автобус адам келді. Біздің союзға осы жылы 15 жыл толады. Біздің Қазақстанға алғаш келуіміз емес. Мұндай іс шараларға жиі қатысуға тырысамыз.

Көрмеде ерекшелігімен көзге түскен иттер көп болды. Жүлдеге лайық деп танылғандары марапатқа ие болды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*